AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 50-ден астам алматылық зообақтың «Шыршаны тапсыр»...

50-ден астам алматылық зообақтың «Шыршаны тапсыр» акциясына қатысты

Барлығы 20.01.2026, 10:28 462 dulatbekova
50-ден астам алматылық зообақтың «Шыршаны тапсыр» акциясына қатысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты хайуанаттар бағында 8-18 қаңтар күндері ұйымдастырылған «Шыршаны тапсыр» экологиялық акциясы мәресіне жетті.

Акция аясында қала тұрғындары жаңа жылдық табиғи шырша, майқарағай және қарағай ағаштарын хайуанаттар бағына өткізіп, жануарлардың мекен ету ортасын жақсартуға атсалысты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жиналған ағаштар тұяқты жануарлардың кей түрлері үшін азық қана емес, сонымен қатар маймылдар, жолбарыстар, аюлар мен леопардтар үшін «ойыншық» ретінде қолданылды. Бұдан бөлек, қылқанжапырақты ағаштар мен бұтақтар харзаларға, атжалмандарға, кірпілерге және жайраларға жұмсақ төсеніш қызметін атқарды.

Акцияға бірнеше гүл сататын дүкенді қосқанда, 50-ден астам адам қатысты. Тапсырылған ағаштардың ішінде тамыр жүйесі сақталған үш шырша да бар – олар хайуанаттар бағының аумағына отырғызылады.

«Акцияға белсенді қатысқан барлық қала тұрғынына  және шараны кеңінен жариялаған БАҚ өкілдеріне шынайы алғыс білдіреміз. Осылайша біз көп мөлшерде қылқанжапырақты ағаш пен бұтақ жинай алдық. Жануарлар үшін бұл қорек қана емес, сонымен бірге мекен ету ортасын жақсартуда маңызы зор: вольердегі әрбір жаңа зат – жаңа иіс, жаңа дәм және зерттеуге мүмкіндік», – деді Алматы хайуанаттар бағының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы Ақжами Елеманова.

«Шыршаны тапсыр» экологиялық акциясы табиғат пен жануарларға қамқорлық жасау әрбір адамға қолжетімді әрі қарапайым іс екенін тағы бір мәрте көрсетті. Алматы хайуанаттар бағы барлық қатысушыға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта да осындай бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қала тұрғындарын мереке аяқталғаннан кейін де қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдер табуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шыршаны тапсыр #акция #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);