конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған орта...

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Әлеумет 04.06.2026, 16:58 350 yakiya
5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда бұл күн Эколог күні ретінде мерекеленеді. Аталған мереке 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында БҰҰ бастамасымен бекітілген.

Эколог күніне орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, республика көлемінде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

4 маусым күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу нәтижелері, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Іс-шараға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Е. Кожиков, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары А. Ким, Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Д. Есмағамбетов және Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Р. Төкенов қатысады.

Эколог күніне арналған салтанатты шаралар еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. Мереке аясында қоршаған ортаны қорғау ісіне елеулі үлес қосқан экологтар мен қоғам белсенділеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталады.

5 маусым күні республика бойынша «Эко-сағат» акциясы өтеді.    Оның аясында ашық дәрістер, тақырыптық көрмелер, интерактивті алаңдар, шеберлік сабақтары мен экологиялық сыныптар ұйымдастырылады. Іс-шараларға экологтар, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратылады.

Сондай-ақ Эколог күні аясында Атырау қаласындағы «Фибратекс» ЖШС пластик өңдеу зауытына және Қостанай қаласындағы «Север-Комбинат» ЖШС қайталама шикізат пен қағаз өнімдерін өңдеу кәсіпорнына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз турлары ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, эко-белсенділер мен еріктілер әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» челленджін өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);