2025 жылғы 1-5 наурызда бес тәулік ішінде ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 255 адамды құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ 100 автомашинаны қар құрсауынан шығарды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 306 шығу жасалды.
Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:
Ақтөбе облысындаға вариялық-құтқару жұмыстары
34 адам құтқарылды
2 наурызда түн ортасында Ыргыз ауданының аттас ауылынан 15 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылар ішінде қалған 15 адамды, оның ішінде 2 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады. Таңға жақын жоғарыда аталған жерде құтқарушылар қар құрсауынан жол талғамайтын көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, оны ең жақын елді мекенге дейін ертіп барды. Салонда 3 адам болды. Сондай-ақ, Әйтеке би ауданында «Жүргенов-Сарат» автожолында 3 автокөлік қар құрсауында қалып, ішіндегі 2 баланы санағанда 12 адам құтқарылып, Жүргенов ауылына жеткізілді. Таңертең Мұғалжар ауданы Жұрын ауылынан 10 км қашықтықта ТЖМ күшімен Ембі қаласына 4 адам құтқарылып жеткізілді.
Құтқарушылар 33 шетел азаматын эвакуациялады
Түнде 3 наурызда Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 км қашықтықта «Самара-Шымкент» тас жолының жабық учаскесінде «Уфа – Самарқанд» жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысқан. ТЖМ қызметкерлері вахтовкамен 33 Өзбекістан азаматын жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Қар құрсауынан 32 адам құтқарылды
5 наурызда Алға ауданында «Алға қаласы - Есет Көкіұлы кенті - Тоқмансай кенті» автожолында ТЖМ қызметкерлері жол талғамайтын Трэкол көлігімен 16 жолаушыны қар құрсауында қалған автобустан эвакуациялады, барлығы Тоқмансай кентіне жеткізілді. Шалқар ауданында «Шалқар-Шетырғыз» автожолында ТЖМ күштері қар құрсауында қалған 2 жеңіл көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды, салонда 8 адам болды. Қобда ауданында «Ақтөбе-Орал» автожолының 575 шақырымында Қобда ауылынан 40 шақырым жерде ТЖМ күштерімен жолдан шығып кетіп, қарға батып қалған минивэнді жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды, салонда 8 адам болды.
Зардап шеккен баланы тасымалдап, науқас адамға көмекке келді
5 наурызда ТЖМ қызметкерлеріне Темір ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде үш жасар баланың ауырып қалғаны және медициналық мекемеге тасымалдауды қажет ететіндігі туралы хабарлама келіп түсті. Шұбарқұдық кентінен 20 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалығына баратын жолды қар басқандықтан, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын «Трэкол» көлігімен жолға шығуға шешім қабылданды. Жолдың қиын бөлігін өтімділігі жоғары көлікпен еңсере отырып, құтқарушылар балақайды шұғыл түрде Шұбарқұдық кентіндегі ауруханаға жеткізді.
Сонымен қатар Хромтау ауданының құтқару қызметіне Тассай ауылдық округіндегі шаруа қожалығына жолдың болмауының себебінен 1969 жылғы ер азаматты ауруханаға жеткізуге көмек қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Шақыртуды алған соң құтқарушылар тез арада арнайы техникамен оқиға орнына шықты. ТЖМ құтқарушылары «жолдың қиын бөлігін еңсеріп», медициналық көмекке мұқтаж науқас адамды аудан орталығының ауруханасына жеткізді.
Маңғыстау облысында құтқарушылар 48-ден астам жүк көліктерін сүйреп шығарды
2 наурызда түнде Қарақия ауданында Қазақстан–Түрікменстан тас жолының Жаңаөзен қаласынан 170 шақырым жерінде қарлы боран салдарынан 40-тан астам жүк көлігі тұрып қалған. ТЖМ қызметкерлері Жаңаөзен қаласынан жетіп, көліктерді сүйреп асудан өтіп кетуге көмектесті. Жүк көліктерінің жүргізушілері өз сапарларын жалғастырды.
Жамбыл облысында 21 адамды құтқарды
4 наурызда Жуалы ауданы «Б. Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автожолының Құренбел ауылының маңында, сондай-ақ Ертай ауылының жанында 5 жеңіл көлік қар құрсауында қалып койды. Көлік ішінде 21 адам, оның ішінде 3 бала болды. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел келіп, құтқарылғандарды Күреңбел а. эвакуациялады.
Қостанай облысыныдағы авариялық-құтқару жұмыстар
Құтқарушылар әйелдің ауруханаға жетуіне көмектесті
5 наурызда Қарасу ауданында ТЖМ қызметкерлері жергілікті тұрғынды жоғары өтімділікті техникамен ауруханаға жеткізіп, көмек көрсетті. Әйел адам Новоселовка ауылынан жолды қар басқандықтан медициналық мекемеге өз бетінше жете алмаған. Құтқарушылар жедел әрекет етті. Олар оқиға орнына тез жетіп, 1967 ж.т. әйелді Қарасу аудандық ауруханасына жеткізді. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында науқас уақытылы қажетті медициналық көмекті алды.
Шетелдіктерге көмек көрсету
5 наурызда Федоров ауданында «Рудный - Қашар - Федоровка» автожолының 25-ші шақырымында 59 Тәжікстан Республикасының азаматтары мінген автобус жолдан шығып кетіп, өз бетінше қозғалысын жалғастыра алмады. Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар келді. Олар жол талғамайтын шынжыр табанды транспортер-тартқыштың көмегімен көлік құралын жолға тартып шығарды. Жолшылар ТЖМ құтқарушыларына жеделдігі үшін алғыстарын білдірді. Автобус ары қарай жолын жалғастырды.
Атырау облысында 10 мұнайшы құтқарылды
5 наурызда Қызылқоға ауданында Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде Урал автокөлігіне мінген мұнай компаниясының жұмысшылары қар құрсауында қалып қойды. Көмекке ТЖМ қызметкерлері «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен шықты. Қар басқан жолмен бірнеше шақырым жол жүріп, құтқарушылар Сағыз ауылына 10 адамды эвакуациялады.
Батыс Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған адамды тауып, құтқарды
5 наурызда іздестіру-құтқару операциясы Теректі ауданында жүргізілді. Кеше 1971 ж.т. ер адам шаруашылық қожалығынан жылқыға мініп мал іздеуге шыққан. Бүгін ол адасып кетіп құтқарушылардан көмек сұрады. Іздеуге құтқарушылар өтімділігі жоғары көлікпен шықты. Төрт сағат жол жүре отырып құтқарушылар ер адамды даладан тапты. Ол зардап шеккен жоқ. Белгілі болғандай ол қою туманның кесірінен адасып кеткен.
Сонымен қатар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында тұрғындарды құтқару мен техниканы қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүргізілді.
ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.