AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 5 кодекс, 9 заң және 28 нормативтік-құқықтық акті...

5 кодекс, 9 заң және 28 нормативтік-құқықтық акті жаңа Су кодексіне сәйкестендіріледі

Әлеумет 17.09.2024, 15:45 2,100 dulatbekova
5 кодекс, 9 заң және 28 нормативтік-құқықтық акті жаңа Су кодексіне сәйкестендіріледі
Сурет: Baq.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңа Су кодексінің жобасын әзірлеп, Парламент Мәжілісіне енгізді.

Оған қосымша Азаматтық, Жер, Экологиялық, Кәсіпкерлік, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстерге өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Сондай-ақ, 28 нормативтік-құқықтық акті мен 9 заң жаңа Су кодексіне сәйкестендіріледі. Бұл «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы», «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы» заңдар.

«Жаңа Су кодексі - бұл су саласының негізгі жүйесі болатын іргелі құжат. Құжаттық бөлік көпшілікке әрдайым қызық бола бермейтінін түсінеміз, бірақ бұл кодекстің негізі және Қазақстанның су заңнамасын өзектендіруге мүмкіндік беретіндей етіп жасадық. Кодекс шынымен тиімді болуы үшін басқа құжаттарға да өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте түзетулер ауыл шаруашылығынан бастап қоршаған ортаны қорғау мен электр энергетикасына дейінгі барлық мүмкін бағыттарды қамтиды»,– деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cу кодексі #жоба #кодекс #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);