Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіп...

36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді

Алматы Бүгін 15:00 43
36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді
Алматы әкімдігі

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жүйелі қолдау шаралары жүзеге асырылады. «Алматы» ӘКК 36 кәсіпкерге қызметін жүргізу үшін бос тұрған тұрғын емес үй-жайларды ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Нысандар жеңілдетілген шарттармен жалға берілген. Жалға алу құны 1 шаршы метр үшін 0,1 АЕК немесе 2026 жылы көрсеткіш бойынша 432,5 теңге болады. Бұл қаладағы орташа нарықтық бағадан едәуір төмен.

Үй-жайлар «Алматы» ӘКК балансында бос нысандар пайда болған сайын конкурстық негізде ұсынылады. Байқауға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енген кәсіпкерлер қатыса алады. Басымдық инклюзия, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларға беріледі.

Жалға беру мерзімі — 3 жылға дейін, кейін ұзарту мүмкіндігі бар. Алайда сатып алу құқығы берілмейді. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 айға дейін жалдау ақысы есептелмейтін жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар азаматтарды бейімдеу және оңалту, балаларға арналған білім беру жобалары, сондай-ақ түрлі жас санаттарына арналған шығармашылық және демалыс кеңістіктері іске қосылуда.

Әсіресе, жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік осал топтарды еңбекке тартуға ерекше назар аударылуда. Мәселен, жобалардың бірі аясында осал санаттағы әйелдерді жұмыспен қамтитын тігін цехы ашылған.

Жалпы, аталған қолдау шараларының нәтижесінде Алматыда 226 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Бүгін 17:01

Алматыда жүргізушілер көліктерінің шығарындысын тегін тексеруден өткізді

Бүгін 16:47

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Бүгін 16:22

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

Бүгін 16:17

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика