Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 315 мың теңгенің компьютерін 500 мыңға бағалаған.....

315 мың теңгенің компьютерін 500 мыңға бағалаған...

Әлеумет 23.12.2023, 08:55 1,089
315 мың теңгенің компьютерін 500 мыңға бағалаған...
Almaty-akshamy.kz

Еріктілер 750 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды


Волонтерлік аясында кәсіби заңгерлер, адвокаттар 9 мыңнан астам азаматқа құқықтық кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Антикордың мәліметінше, Маңғыстау облысының бюджетіне шамамен 200 млн теңге қайтарылған.


Атап айтқанда, осы жылдың қазанында «Каспий жылу, су арнасы» МКК (Ақтау қ.) 247 млн теңгеге «үш тізбекті станцияның» 1 данасын сатып алуды жоспарлаған. Бұл ретте жүргізілген талдау нарықтық баға шамамен 50 млн теңге екенін көрсетті. Тиісті жұмыстың нәтижесінде тауардың құны 49 млн теңгеге дейін төмендетілді.


Сондай-ақ, қарашада Алматы қаласында орта мектеп жалпы құны 12,5 млн теңгеге 25 компьютер сатып алуды жоспарлаған, яғни бір данасың үшін – 500 мың теңге. Алайда, мониторинг барысында техникалық ерекшелік бойынша қолайлы моноблоктың құны шамамен 315 мың теңге екені анықталды. Қорытындысы бойынша сатып алу тоқтатылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Атырау облысында еріктілер жұмысынан кейін Қызылқоға ауданындағы Мәдениет үйі жеткізушілер арасындағы бәсекелестік шарттарының бұзылуына байланысты 5,3 млн теңгеге картиналар сатып алуды тоқтатты.


Мемлекеттік сатып алуларды талдаудан басқа, волонтерлердің едәуір бөлігі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын мониторингілеуге жұмылдырылған. Ақмола облысында Бұланды ауылында мектеп салу мониторингінің қорытындысы бойынша жалғау тораптарының бұзылуы және шатырдың ағаш конструкцияларын отқа төзімді өңдеудің болмауы анықталды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының тексеру нәтижелері бойынша ҚНжЕ бұзушылықтары және жобалық шешімнен ауытқулар анықталды. Мердігерге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша хаттама толтырылды.


Алматы облысында әкімдік белгіленген мерзімде «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан 1200 студентке еңбекақы төлемеген. Еріктілердің араласуынан кейін студенттерге 133,9 млн теңге төленді.


Шымкент қаласында мониторингтік топтың кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз баруы тоқтатылды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жеке медициналық ұйымдардың мониторингі бойынша негізсіз бұйрық шығарған. Уақтылы әрекет ету нәтижесінде бұйрық жойылды.


ШҚО еріктілері Алтай ауданындағы «Қазмырыш» ЖШС тау-кен байыту кешенінің жанында «Зеленка» өзенінің ластану фактілерін анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың Экология департаментімен экологиялық нормалардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргізуге бастамашылық жасады.


Сонымен қатар, волонтерлік аясында кәсіби заңгерлер, адвокаттар 9 мыңнан астам азаматқа құқықтық кеңес берді. Жобаның мақсаты – жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік секторды және қоғамдық бірлестіктерді тарту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерікті #бюджет #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика