AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 300 түп ағаштың кесілуіне байланысты Алматы әкімді...

300 түп ағаштың кесілуіне байланысты Алматы әкімдігі түсініктеме берді

Оқиға 13.09.2021, 09:38 1,612
300 түп ағаштың кесілуіне байланысты Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Суреттер: Inform.kz

Алматыдағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында "Қызыл кітапқа" енген сивер алма ағаштары кесілген


Алматылықтар Медеу ауданы Керей-Жәнібек хандар көшесі бойындағы 300 түп ағаштың заңсыз кесілгенін айтып шағымданды. Әкімдік ол жерді тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Белсенділердің кінәлілерді жазалау туралы қойған талабы желіде жарияланды. «Керей-Жәнібек хандар көшесі, 368 мекенжайында арасында "Қызыл кітапқа" енгені бар, 300 түп ағаш кесілген. Айыптыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеміз»,-деп жазды экобелсенді Салтанат Ташимова Facebook парақшасында.


Осыған байланысты қалалық жасыл экономика басқармасы ағаштар 1,15 га учаскесінде кесілгенін хабарлады. Оның 1 га аумағы нысаналы мақсатта – кемпинг құрылысы үшін, тағы 0,15 га – жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін кесілген.




«Бұл аумақ кемпинг салуға арналғандықтан, жасыл екпе ережесіне сәйкес, ағаш кесуге рұқсат алу қажет, алайда ЖТҚ аумағында ағаш отауға арнайы рұқсат талап етілмейді. Жасыл экономика басқармасының мамандары табиғатты қорғау прокуратурасы және полициямен бірлесіп тексеруге шықты, бірақ, оларды күзет ішке қарай өткізген жоқ. Келесі күні басқарма мен ботаникалық бақ мамандары қоғам мүшелерімен бірге оқиға орнына барған соң, 300-ге жуық ағаштың заңсыз кесілгені туралы акт жасалды», - деп нақтылады басқармада.



Ағаштардың тұқымы мен түрлері әлі ресми анықталған жоқ. Ботаникалық бақ зертханалық зерттеу нәтижесін 3-5 күн ішінде ұсынады.


Алдын ала дерек бойынша, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген сиверс алма ағаштары кесілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);