ffin.kz

3 мыңнан астам алматылық «Отау» бағдарламасына қатысуға өтінім берді

3 мыңнан астам алматылық «Отау» бағдарламасына қатысуға өтінім берді Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Елімізде «Отау» бағдарламасы бойынша 15 мың өтінім сәтті қабылданды.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы «Отбасы банк» АҚ филиалының директоры Данагүл Түсіпова хабарлады.


2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. «Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды және «Отбасы банкі» салымшыларын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Өтінімдер Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында онлайн қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қатысушылар арасындағы қарбаласты алдын-алу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімін барынша қолайлы етті. Әлеуетті қатысушыларда екі ай уақыт бар, яғни 1 наурыздан 30 сәуірге дейінгі (қоса алғанда) аралықта. Бұл ретте осы кезеңдегі өтінім беру күні мен уақыты маңызды емес. Сондықтан банк салымшылары өз депозиттерін толықтырып үлгере алады, салымдарын туыстарының депозиттерімен біріктіріп, бағдарламаның шарттарымен мұқият танысуға және содан кейін ғана өтінім беруге уақыттары бар», – дейді Данагүл Түсіпова.



Спикердің айтуынша, 2024 жылдың 3 сәуіріндегі жағдай бойынша қабылданған өтінімдердің жалпы саны 20 662 жетті. Оның ішінде 15 000-ға жуық өтінім сәтті қабылданды, 5 976 өтінім бағдарлама шарттарына сәйкес келмегендіктен қабылданбады.


Өтінімдердің 67%-ы 35 жасқа дейінгі банк салымшыларынан қабылданғанын атап өтуге болады.



«Өтінімдердің басым бөлігі алматылықтардан - 3 087 өтінім, Астана тұрғындарынан - 2 412 өтінім, Батыс Қазақстан облысының тұрғындарынан - 1 304 өтінім, Ақтөбе облысының тұрғындарынан - 1 196 өтінім, Шымкент қаласының тұрғындарынан - 940 өтінім қабылданды. Ал Жетісу - 213 өтінім, Түркістан - 178 өтінім, Ұлытау  облыстарының тұрғындарынан - 93 өтінім жолданған», - деп атап өтті Д. Түсіпова.



Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін тізімді саралау басталады. Яғни, қатысушылардың өтінімдері ең көп жиналған ұпайлар саны бойынша бөлінеді:
- салым бойынша сыйақы мөлшері бойынша - әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл;
- салым мерзімі үшін – депозит қолданылған әрбір жыл үшін 5 балл;
- тіркелген неке үшін - 10 балл;
- балалар үшін - олардың санына қарамастан 50 балл. 


Егер екі қатысушының балдар саны бірдей болса, онда тізімге енгізудегі басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі.  


Саралаудан кейін клиенттер «Отау» бағдарламасына енгендердің тізімін банк сайтынан көре алады. Оларға кредиттік өтінім беру үшін шамамен 40 жұмыс күні беріледі. 


«Отбасы банк» осы уақытқа дейін қолданыстағы тұтынушылық кредиттерді өтеп үлгеруге кеңес береді, сонда кредитті мақұлдау мүмкіндігі көбірек болады. Төлем қабілеттілігін есептеу кезінде соңғы 6 айдағы ресми табысы ғана емес, сонымен қатар отбасына жұмсалатын міндетті шығындар, сондай-ақ нақты кредиттер бойынша төлемдер ескеріледі.


Егер бағдарламаға қатысушы кредит бойынша оң мақұлдау алса, онда оның баспана іздеу үшін 6 ай уақыты болады. 


Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып сатып алуға болады. Барлық басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үйді сатып алуға болады.


Бағдарламаға қатысушы бастапқы нарықтағы тұрғын үйді otbasybank.kz порталынан ғана сатып ала алады. Бұл опция жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған.


Осы платформада орналастырар алдында әрбір нысан тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын келісу процесінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен 1 шаршы метрге бағаны белгілей отырып, осы тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады. 



«Аудан орталықтарында, моноқалаларда және ауылдарда сатып алуға болатын кез келген тұрғын үй алғашқы нарықтан (егер ол елді мекенде болса) және қайталама нарықтан пәтер, сондай-ақ жеке үй сатып алуға болады. Нысандар банктің кепіл саясатына сәйкес келуі керек. Яғни тұрғын үй 1964 жылдан кейін және белгілі бір материалдардан салынуы керек. Мысалы, банк қаңқалы-қамысты құрылыстарды кепіл ретінде қарастырмайды», - деп түсіндірді спикер.



Алматы мен Астанадағы максималды кредит сомасы - 30 млн теңгеге дейін, қалған өңірлерде - 18 млн теңгеге дейінгі сомманы құрайды.
 
«Отау» бағдарламасы бойынша бір кредит аясында тұрғын үй сатып алу және жөндеу үшін ақша алуға болады. Бірақ кредиттің жалпы сомасы рұқсат етілге ең жоғарғы сомадан аспауы маңызды - Алматы, Астана қалалары үшін 30 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлер үшін 18 миллион теңгеге дейін. 


Жөндеуге арналған қарыз сомасы кредиттің жалпы көлемінің 30%-ынан аспауы тиіс. 


«Отау» бағдарламасы бойынша кредит талаптары:
 - бастапқы жарна - 20%-дан бастап;
 - кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,2%-дан бастап);
 - кредит мерзімі - 19 жылға дейін.


«Отау» бағдарламасына келесі тұлғалар қатыса алады:


1. Отбасы банк салымшылары, оның ішінде тұрғын үйге кезегінде тұрған азаматтар да; 
2. Отбасы банкте кемінде 18 ай мерзіміндегі депозиті бар адамдар; 
3. Жинақ шотында өтінім беру сәтінде кемінде 1 млн теңге жинақ сомасы бар адамдар; 
4. Қатысушының жасы - 18-ден 63 жасты қоса алғанға дейін;
5.  Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде жылжымайтын мүлік (пәтер, үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, кез келген нысаналы мақсаттағы жер учаскесі) болмауы тиіс;  
6. Алматы мен Астанада тұрғын үй сатып алу кезінде - осы қалаларда тұрақты тіркеу болуы тиіс.


"Отау" бағдарламасын іске асырудың барынша ашықтығы үшін оның қатысушыларының тізімі (кредит алушылардың келісімімен) Отбасы банктің сайтында жарияланатын болады. Әр адамөтінімдерді іріктеу және балдарды есептеу нәтижелерімен otbasybank.kz порталында таныса алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32