AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

Медицина 29.10.2021, 04:15 1,920
29 қазан – Дүниежүзілік инсультпен күрес күні

Денсаулық - зор байлық


Жыл сайын бүкіл әлемде 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (World Stroke Day) атап өтіледі. Бұл күнді 2006 жылы Инсультпен күрес жөніндегі дүниежүзілік ұйым осы ауруға қарсы бүкіләлемдік күресте жедел белсенді әрекеттерге шақыру мақсатында бекітті.


Алайда бүгін аталып өтетін күннің тарихы 2004 жылдан басталады. Ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инсультты жаһандық эпидемия деп жариялап, 2006 жылы инсультпен күрес жөніндегі дүниежүзілік ұйым құрылып, осы күнді бекітті.


Бүгінде бұл ұйымның құрамында 85 елден 3,5 мыңнан астам жеке мүшесі мен 60-тан астам ұйым бар. Бұл инсультпен күрес жөніндегі ғылыми ұйымдар мен қоғамдастықтар.


Инсульт - артерияның бітелуі немесе тамыр қабырғасының жарылуы арқылы қан төгілуі салдарынан миға қанның келуінің тоқтауы нәтижесінде жүйке жасушаларының зақымдануы немесе өлуі; бұл мидағы қан айналымының тез бұзылуына әрі ми тінінің зақымдануы және оның функциясының бұзылуына әкеледі.


Инсультті қоздыратын факторлар - жоғары қан қысымы, қант диабеті, холестериннің көбеюі, семіздік, физикалық белсенділіктің болмауы, темекі шегу және алкогольді шамадан тыс тұтыну.


Бұл ауру әлемде өлім мен мүгедектіктің басты себептерінің бірі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл әлемде жылына 6,7 миллион адам инсульт салдарынан қайтыс болады. Қан тамырлары аурулары өлімнің жартысынан көбін құрайды, егер бұған дейін инсульт негізінен 55-60 жастан асқан науқастарда кездессе, қазіргі уақытта осы ауруға қатысты жағдайлардың үштен бірі еңбекке қабілетті жастағы адамдарға (25-50 жас) тиесілі екен. Демек, ауру жасарып келеді.


Денсаулық – зор байлық. Байлықты бағалап, күте білген жөн. Аурудың алдын алып, деннің саулығын сақтайық, спортпен шұғылданайық! Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарайық!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инсультпен күрес #денсаулық #дүниежүзілік күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);