Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 280 шабуыл фактісі: Депутат Аймағамбетов дәрігерле...

280 шабуыл фактісі: Депутат Аймағамбетов дәрігерлерді қорғауға бағытталған түзетулерді таныстырды

Әлеумет 26.11.2025, 11:01 304
280 шабуыл фактісі: Депутат Аймағамбетов дәрігерлерді қорғауға бағытталған түзетулерді таныстырды
Сурет: Kazgazeta.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Онда депутаттар аса маңызды бірқатар заң жобасын қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Отырыста медицина қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі Президент тапсырмасын орындауға бағытталған депутаттардың түзетулері талқыланбақ.

"ҚР Қылмыстық кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Мәжіліс қарауына 21 қарашада түскен болатын. Сол кезде жұмыс тобының жетекшісі, депутат Асхат Аймағамбетов бұл маңызды заң жобасы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғауға арналғанын атап өткен еді.

"Медицина өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны айтарлықтай қатаңдату жөніндегі нақты нормаларды ұсындық. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар көбейіп барады. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, тағы бірі жедел жәрдем шақырған үйде қорлық көрді. Осындай көріністерге жол беруге болмайды", - деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл бастаманы дәрігерлерге жасалған шабуылдардың жиілеуі туындатқан. Соңғы бес жылда ресми статистика бойынша 280 жағдай тіркелген. Заң жобасының мақсаты тек медицина қызметкерлерін ғана емес, пациенттердің өзін де қорғауға бағытталған. Себебі қорғансыз дәрігер сапалы көмек көрсете алмайды, ал оның салдарынан ең алдымен қарапайым халық зардап шегеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігерлерді қорғау #медициналық қызметкерлеріне күш көрсету #түзетулер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі