AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / 26 заңға қол қойылды: құрылтайдың қорытындысы қанд...

26 заңға қол қойылды: құрылтайдың қорытындысы қандай?

Билік 19.01.2026, 14:58 472
26 заңға қол қойылды: құрылтайдың қорытындысы қандай?
Ақорда

Ұлттық құрылтайдың төрт отырысында көтерілген ұсыныстардың ең өлшенетін нәтижесі – заңнамалық өзгерістер. Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайдағы жиындардан кейін қоғам сұранысы біртіндеп құқықтық нормаға айналып, барлығы 26 заң қабылданды, - деп хабарлйды aqshamnews.kz тілшісі. 

Ұлытауда өткен I Құрылтайдың басты заңнамалық шешімі – 25 қазанға Республика күні ретінде ұлттық мереке мәртебесін беру болды.

Түркістандағы II Құрылтай нәтижесінде: 

1.        "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Заң;

2.        "Қазақстанның Халық жазушысы" атағын қайтару;

3.        "Кинематография туралы" Заңға түзетулер;

4.        Ономастика жұмысын жүйелеу туралы;

5.        Вейптерге, шегуге келмейтін темекі өнімдеріне тыйым салу туралы түзетулер;

6.        Құмар ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері туралы;

7.        Жұмысшы мамандықтар үшін жаңадан 9 құрметті атақ енгізу;

8.        Масс-медиа мәселелері туралы заңнамаға түзетулер;

9.         "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Заң;

10.    Мемлекеттік наградаларға ұқсас қоғамдық наградаларды дайындауға және марапаттауға тыйым салатын заң;

11.    Ғылым және білім беру мәселелері туралы заңнамаға түзетулер (педагогтерге қосымша төлемдер туралы) қарастырылды.

Атырауда өткен III Құрылтайдың заңнамалық нәтижелері қауіпсіздік, тәртіп және құндылықтар тақырыбын күшейтті: "Айбын" орденіне аңызға айналған қаһармандар – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру туралы түзетулер қабылданды. Қоғамдық кеңістікті қорғау үшін вандализмге қарсы күрес және табиғи нысандарды қорғау жөніндегі түзетулер енгізілді.

1.       Лицензиялауды ретке келтіру және заңсыз археологиялық қазбаларға қатысты жауапкершілікті күшейту туралы түзетулер;

2.       Есірткі тасымалдаушылар мен есірткі өндірушілердің жауапкершілігін саралау туралы түзетулер;

3.       Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі мәселелері туралы түзетулер (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту, балаларға қатысты зорлықтың барлық түріне жазаны қатаңдату және т.б.);

4.       Өңірлік рәміздердің бірыңғай стандарты туралы түзетулер;

5.       "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңға түзетулер;

6.       Креативті индустрияны қолдауға бағытталған заңнамалық шаралар пакеті.

Бурабайдағы IV Құрылтай қорытындысы қоғамдық тәртіп пен ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілікті күшейтуге бағытталды: қоғамдық орындарда бет-бейнені тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізу, сондай-ақ құқыққа қайшы контентті, оның ішінде ұлтаралық және діни араздықты қоздыруға бағытталған материалдарды таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бойынша шешім қабылданды. Сонымен қатар ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға қатысты жауапкершілік енгізу бастамасы да осы пакетке кірді. Балалар құқығын қорғау бағытында әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігі жөніндегі түзетулердің келесі топтамасы қабылданып, қамқоршылық органдарын күшейту және балалардың құқықтарын қорғауды нығайтатын қосымша шаралар қарастырылды. Ономастика бағыты қайтадан жалғасып, ономастика саласындағы жұмысты ретке келтіру қабылданды. Ғылым мен өңірлік ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстандағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының мәртебесін қайта жандандыру туралы шешім заңнамалық деңгейде бекітілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #Ұлттық құрылтай мүшесі #заң #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақын Мұхтар Шаханов қайтыс болды

Бүгін 22:39

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика