конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 25 тамыздан бастап жүргізушілерге қойылатын талап...

25 тамыздан бастап жүргізушілерге қойылатын талап өзгереді

Мұны білген жөн Бүгін 10:07 38 Сұлу
25 тамыздан бастап жүргізушілерге қойылатын талап өзгереді
depositphotos.com

Биылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізушілерге қатысты бірқатар жаңа талап күшіне енеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ең маңызды өзгерістердің бірі – 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтар енді екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс.

Министрліктің мәліметінше, медициналық тексеруден өткені туралы ақпарат Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйелері арқылы автоматты түрде тексеріледі. Егер жүргізушінің тексеруден өткені немесе көлік басқаруға қарсы көрсетілімі жоқ екені расталмаса, оның көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты.

Сонымен қатар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты жаңа тәртіп енгізіледі. Заңда көрсетілген жағдайларда олар қайтадан теориялық емтихан тапсыруға міндеттелуі мүмкін. Бұған жол қиылысында апаттық жағдай туғызу, жылдамдықты бірнеше рет асыру, қауіпті маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу ережелерін өрескел бұзу сияқты құқық бұзушылықтар жатады.

Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, оның көлік жүргізу құқығы да тоқтатылады.

Бұдан бөлек, мас күйінде көлік басқарғандарға қатысты жауапкершілік күшейтілді. Енді алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік жүргізген адамға қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылса да, ол 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар осы мерзім ішінде оны ала алмайды.

ІІМ аталған өзгерістердің барлығы жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталғанын атап өтті. Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал міндетті медициналық тексеруге жататын азаматтарды оны уақытылы өтуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Жүргізуші #Талап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҰБТ-дан 50 балл жинаған талапкерлер әскери институтқа түсе алады

Бүгін 11:55

Ақтөбе облысында ер адам танысын өлтіріп, басын тоңазытқышта сақтаған

Бүгін 11:32

Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуінен бас тартты: жаңа әлем чемпионы анықталды

Бүгін 11:19

22 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды

Бүгін 10:35

Қазгидромет екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);