«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай күтілсе, шығыста қар түрінде жауын-шашын болады деп болжануда. Солтүстікте де жауын-шашын, соның ішінде жаңбыр мен қар күтіледі. Алайда, солтүстік-батыс және орталық аудандарда антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы сақталады.
▪️ Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, түнде температура -2–4 °C, күндіз +10–12 °C.
▪️ Алматыда күн құбылмалы, күннің соңында жаңбыр, найзағай, түнде температура +13–15 °C, күндіз +22–24 °C.
▪️ Шымкентте күн құбылмалы, күндіз жаңбыр болуы мүмкін, түнде температура +14–16 °C, күндіз +28–30 °C.