AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 25 градусқа дейін аяз: бүгін ауа райы қандай болад...

25 градусқа дейін аяз: бүгін ауа райы қандай болады?

Мұны білген жөн 24.12.2025, 08:55 596
25 градусқа дейін аяз: бүгін ауа райы қандай болады?
Сурет: Astanatv.kz

"Қазгидромет" 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Солтүстік және орталық аймақта қар жауып, боран соғады және көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, жекелеген аймақтарда екпіні 20-25 м/с-ке дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-13° аяз, кей өңірлерде 18-25° аяз, күндіз 0-7° аяз шамасында. Астанада қар аралас жаңбыр жауып, боран соғады.

Шығыста жауын-шашынсыз болады, алайда кей аудандарда тұман мен боран болады. Жел негізінен оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12-20° аяз, жекелеген аймақтарда 25° аязға дейін төмендейді, күндіз 5-13° аяз болады. Өскемен мен Семейде аязды, ауа райы құрғақ болады.

Батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, тұман мен көктайғақ болады. Жел бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 7-14 м/с, кей жерде 18-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-12° аяз, күндіз 0-6° аяз болады, Маңғыстауда күндіз 4-6° жылы болады. Орал мен Ақтөбеде боран соғуы мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз болады.  Кей жерлерде тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 5-14 м/с, таулы аймақтарда 20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-6° аяз, таулы өңірлерде 18-23° аяз, күндіз 2-7° жылы болады. Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында күн жылырақ болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #синоптиктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сирияның Хасека провинциясында су тасқыны болып, жүздеген үйді су басты

Бүгін 09:20

26 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт бұзылады

Бүгін 08:47

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Кеше 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Кеше 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Кеше 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика