AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / 23 сәуір -Ұлттық кітап күні

23 сәуір -Ұлттық кітап күні

Мәдени Алматы Бүгін 12:16 81
23 сәуір -Ұлттық кітап күні

Алматы қаласы, 2026 жылғы 23 сәуірде -  Принтмедиа технологиялар колледжінде «Ұлттық кітап» күніне орай колледж студенттері арасында «Кітап – білім бұлағы» атты байқауы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның басты мақсаты - білім алушылардың цифрлық технологияларды (бейнемонтаж, графикалық дизайн, ЖИ құралдары) қолдану дағдыларын дамыту; тарихи және әдеби тұлғалардың мұрасын заманауи көзқараспен қайта зерделеу; креативті ойлау мен өзіндік идеясын ұсыну қабілетін қалыптастыру; ақпаратты қысқа әрі мазмұнды түрде жеткізу дағдыларын жетілдіру (Reels/TikTok форматы); коммуникативтік және презентациялық қабілеттерін дамыту; білім алушылардың зерттеушілік және талдау дағдыларын арттыру; заманауи медиа кеңістікте сапалы контент жасау мәдениетін қалыптастыру.

Ұсынылған тақырыптар: 2026 жылғы атаулы күндер:

Ыбырай Алтынсарин – туғанына 185 жыл (1841–1889);

Жамбыл Жабаев – туғанына 180 жыл (1846–1945);

Мұқағали Мақатаев – туғанына 95 жыл (1931–1976);

Қабдеш Жұмаділов – туғанына 90 жыл (1936–2021);

Сайын Мұратбеков – туғанына 90 жыл (1936–2007).

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде:

Саттар Бекзат Махсатбекұлы («Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі» КМҚК);

I орын:

Әбей Меруерт Ернарқызы («Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі» КМҚК);

ІІ орын:

Серікбаева Аягөз Ерланқызы  (Жоғары қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі);

Абдуллахат Раушан («№1 Алматы Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі» КМҚК);

ІІІ орын:

Абенова Мариям (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы колледжі).

Қазылар алқасының құрамы: Елеусизова Сағыныш Қожабаевна - Ақтөбе қаласы, Автожол колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Кенаралова Шинар Баязитовна - ҚМКҚ  “Қостанай қызмет көрсету саласы”, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші; Данекенова Жанар Гауезхановна –  ҚМКҚ  “Қостанай қызмет көрсету саласы”, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші.

Қатысушылар көрсетілген авторлардың шығармаларын оқып, мазмұнын терең меңгеріп, сонымен қатар, олардың шығармалары мен идеяларын «Заманауи ретроспектива» форматына сай цифрлық өнім арқылы креативті түрде қашықтықтан бағаланды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы сыйлықтармен, дипломдармен және сертификаттармен,  марапатталды.

Принтмедиа технологиялар колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Ж.Молдаханова

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 12:33

Алматыда биыл 700-ден астам интернеттегі алаяқтық тіркелді

Бүгін 11:14

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Бүгін 11:07

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 10:28

Мәдениет және ақпарат министрі Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика