Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

Әлеумет Бүгін 22:01 31
2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті
Сурет: 7kun.kz

2026 жылғы ақпандағы инфляцияның айлық деңгейі 1,1% құрады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, азық-түлік тауарларының бағасы – 1,3%, ақылы қызметтер 1%,  азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9% қымбаттады.

Азық-түлік өнімдері арасында қиярдың бағасы – 3,9%, басты пияз – 3,2%, апельсиндер – 0,9%, тауық – 0,6%,   сүйексіз сиыр еті 0,2­ % төмендеген. Бұл ретте консервіленген жүгері бағасы 8,6%, минералды су – 6,8% көтерілді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде кір жуатын машиналар бағасы 7,4%,  стерильді таңғыштар – 3,8%, электр шайнектер – 2,6%, смартфондар 1,7% арзандаған. Бағаның өсуі үтiктеуга арналған тақтайға – 12,4%, стакандар жиынтығына – 8,9%, кір жуу ұнтағына – 1,5% байқалды.

Ақылы қызметтер саласында кинотеатр қызметтері 2,2%, фотографтар қызметі ­0,5%  қымбаттаған.

2026 жылғы ақпандағы жылдық мәндегі инфляция 11,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,6%, ақылы қызметтер – 10,8% өскен.

Жылдық мәнде көк шөптер (көк пияз, аскөк, ақжелкен) – 7,6%, кәді – 6,2%, күріш –  4,3%, қырыққабат – 1,5%  арзандады. Мейіз – 8,8%,  тәтті печеньелер – 8,5%, бал – 7,2%, құрма 5,8% қымбаттады.

2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда душқа арналған гельдің бағасы – 15%, цемент – 11,2%,  жуу және тазалау құралдары – 9,3%, түсқағаз желімінің бағасы 5,7% өскен.

Қызметтер арасында киім тазалау – 14,5%, косметолог қызметтері – 12,7% жаттығу залдарының қызметтері (абонемент) 10,1% қымбаттаған.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфляция #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Бүгін 21:53

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 19:12

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Бүгін 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Бүгін 17:31

Алматыдағы ҚХА құрамына кіретін этноорталықтар мен «Қазақстан–Қытай Құбыры» ЖШС жұмысшылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі