Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Жаңа Конституция
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Жаңа Конституция
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 2026 жылдан бастап салық жүйесі өзгереді

2026 жылдан бастап салық жүйесі өзгереді

Экономика 23.06.2025, 13:46 1,304
2026 жылдан бастап салық жүйесі өзгереді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда жаңа Салық кодексі қабылданбақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Қазіргі уақытта құжат Сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр. Егер заң жобасы мақұлданса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ережелер күшіне енеді.

Ең басты өзгерістер:
— Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 20%, банктер үшін – 25%
— Қосылған құн салығы (ҚҚС) – қазіргі 12%-дан 16%-ға дейін өседі
▪️ Дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен қызметтер үшін жеңілдетілген мөлшерлеме сақталады:
2026 жылы – 5%, 2027 жылы – 10%.
— ҚҚС тіркеу шегі екі есе төмендейді – 20 000 АЕК-тан 10 000 АЕК-қа дейін (шамамен 78,3 млн тг-ден 39,1 млн теңгеге дейін).
— Жеке табыс салығы (ЖТС) – жылдық табысы 8 500 АЕК-тен (шамамен 33,3 млн теңге) асатын жеке тұлғалар үшін 15% мөлшерінде белгіленеді.
— Акциздер көтеріледі: алкоголь мен темекіге қоса, энергетикалық сусындарға да енгізіледі
— Қымбат мүлікке салынатын салық енгізіледі:
▪️ 75 млн теңгеден қымбат көліктерге – 10% акциз
▪️ 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке – 2% салық
▪️ Яхталар мен ұшақтарға – 100 млн теңгеден бастап

Салық режимдері қысқарады:
Қазіргі 7 салық тәртібінің орнына 3 ғана қалады:

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін – 4% салық, жылдық табысы 15 млн теңгеден аспауы тиіс. ИП ретінде тіркелу міндетті емес.

Жеңілдетілген декларация – табыс шегі 600 000 АЕК немесе шамамен 2,35 млрд теңге. Салық мөлшері – 4%, бірақ жергілікті мәслихат 2%-дан 6%-ға дейін өзгерте алады.

Шаруа қожалықтары мен фермерлер – бұрынғы тәртіп сақталады, бірақ енді жер салығының орнына ЖТС төленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #заң #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді Алматы туралы жаңалықты Asman Airlines ұшағында да оқуға болады

Бүгін 11:11

Тойбастар: дәстүрден даңғазаға дейін

Бүгін 11:04

Ұлытауда төрт баланың анасы қаза тапты: туыстары әділ тергеу талап етеді

Бүгін 11:03

Алматыда суды пайдалану мен кәріз жүйесіне бақылау күшейтілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларындағы экоакция: қоқыс жинап, кофе ал

Бүгін 10:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика