Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 2025 жылы 21 мың адам жоғалған: елдегі ахуал қанда...

2025 жылы 21 мың адам жоғалған: елдегі ахуал қандай?

Оқиға 22.01.2026, 17:15 363
2025 жылы 21 мың адам жоғалған: елдегі ахуал қандай?
Жасанды интеллект

2025 жылғы желтоқсанда Атырау облысындағы бүтін бір отбасының хабар-ошарсыз жоғалғаны жұртты дүр сілкіндірді. Кейін ерлі-зайыптының денесі үйінен табылды, ал ұлы мен қызы әлі іздестіріліп жатыр. Оқиғаға күдікті - отбасының күйеу баласы. Ол да әлі ұсталған жоқ. Полиция дерегінше, былтыр із-түссіз жолғалғандар саны 21 мыңнан асқан. Бұған не себеп? Статистика не дейді? Жақыныңыз жоғалған жағдайда не істеу керек? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр полицияға хабар-ошарсыз жоғалған адамдар туралы 21 090 хабарлама түскен. 

Әдетте адамдар қандай жағдайда жоғалады?

Әр оқиғаның артында түрлі жағдай бар: бірі маусымдық жұмысқа кетіп байланысқа шықпайды, бірі іссапардан оралмайды, енді бірі отбасылық кикілжіңнен кейін үйден шығып кетеді.

2025 жылы ер адамдарға қатысты өтініш көп тіркелген: 11 894. Ал 8504 әйел іздестірілген.  Ал ерекше алаңдататыны – 6 839 кәмелетке толмаған бойынша іздестіру көмегі сұралған.

Қай өңірде адам көп жоғалады?

Жоғалу деректері жиі тіркелетін өңірлер қатарында Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Атырау облыстары аталады.

Неге көбіне ер адамдар жоғалады?

Статистика ер азаматтар жиіжоғалатынын көрсетт. Бұл көбіне олардың:

  • маусымдық жұмысқа шығуына,
  • қызметтік іссапарларға баруына,
  • кей жағдайда көп ішіп, есінен айырылуына байланысты.

Жасөспірімдердің жоғалу себебі

Ал жасөспірімдер арасында жоғалып кетудің негізгі себептері басқа:

  • ата-анамен жанжал,
  • отбасы ішіндегі жағымсыз жағдай,
  • ата-ананың ішкілікке салынуы,
  • жазадан қашу,
  • ұзақ уақыт ойын клубтарында қалып қою.

Кейде кәмелетке толмағандар мекемелеріндегілер де қашады.

"24 сағат күтіңіз" деген ереже жоқ

Ішкі істер министрлігі "24 сағат күту керек" деегн ережені жоққа шығарды. Жоғалғаны туралы хабар түскен сәттен бастап полицейлер уақыт оздырмай:

  • арызданушыдан барынша толық ақпарат жинайды (өмір салты, байланыстары, соңғы жүрген жері, киімі, ерекше белгілері);
  • жедел-тергеу тобы жоғалған адамның соңғы болған жерін, үйін/пәтерін, қызметтік орнын, көлігін тексереді;
  • медициналық ұйымдар, арнайы мекемелер, мәйітханалар бойынша салыстыру жүргізеді.

Егер алғашқы шаралармен табылмаса, бір тәуліктің ішінде іздестіру ісі ашылып, әрі қарай жұмыс жүйелі жалғасады.

Камералар, телефон, әлеуметтік желі: полиция жұмысты қалай жүргізеді?

Іздестіру барысында полиция:

  • соңғы рет түскен бейнебақылау камераларын қарайды,
  • жоғалған адамның ұялы телефон нөмірін дереу тексереді,
  • әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді,
  • маңызды ақпарат түссе, оны жедел өңдеп, жаңа бағыттағы тексерістерді бастайды.

Іздеуде еріктілер де аса көмек береді

Іздестіруде еріктілердің көмегі ерекше. Олармен бірге:

  • жергілікті жерді аралау,
  • көпшілік орындарды (сауда орталықтары және жастар жиі жиналатын нүктелер) пысықтау,
  • әлеуметтік желіде фотобейнені тарату сияқты жұмыстар жүргізіледі.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті жоғалу туралы өтініш түскен кездегі өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеп, өңірлерге жіберді. Еріктілерге белгілі болуы мүмкін мәліметтердің қауіпсіздігі үшін "үлгілік келісім" де дайындалды.

Ресми статистика не дейді?

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша:

  • 2024 жылы – 2 096 адам,
  • 2025 жылы – 1 683 адам іздеуге жарияланған.

Ал ішкі істер органдарына тәуліктік кезекшілік кезінде келіп түскен хабарламалар динамикасы:

  • 2021 – 15 625
  • 2022 – 14 277
  • 2023 – 16 082
  • 2024 – 15 839
  • 2025 – 21 090

Жақыныңыз жоғалса, не істеу керек?

  1. Дереу 102-ге хабарласыңыз немесе жақын полиция бөліміне барыңыз.
  2. Кейінгі рет сөйлескен уақыты мен орнын нақты айтыңыз.
  3. Суретін, киімін, ерекше белгілерін (тыртық, тату, көзілдірік) дайындаңыз.
  4. Қайда баруы мүмкін екенін: туыс, дос, жұмыс орны, үйреншікті маршруттарын көрсетіңіз.
  5. Әлеуметтік желіге хабарландыру салсаңыз, жеке деректерді шамадан тыс жарияламаңыз (құжат нөмірі, банк деректері т.б.).
  6. Полиция сұратса, байланыс құралдарына қатысты мәліметтерді (нөмір, аккаунт) толық беріңіз.
  7. Кез келген жаңа ақпарат шықса, сол сәтте қайта хабарлаңыз.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Адам жоғалу #ІІМ #статистика #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі