Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады

Білім және ғылым 03.12.2021, 08:20 1,647
2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады
Сурет: Matritca.kz

2025 жылға дейін 1000 жаңа мектеп салынады


2025 жылы 100 мың мұғалім қажет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Егер мектеп құрылысы мәселесін айтар болсақ, Тәуелсіздік жылдарының ішінде 2 мыңнан астам мектеп салынды. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап 2025 жылы кемінде 1 мың мектеп салу міндеті алдымызда тұр. Қазір оқушы орны тапшылығына қатысты үлкен проблеманы көріп отырмыз. Биыл 150 мың түлек мектеп бітіріп шықса, ал 1 сыныпқа 400 мыңға жуық баланы қабылдадық. Бір жылдағы айырмашылықтың өзі 250 мың баланы құрап отыр. Мектептерді салмасақ, 2025 жылға қарай кемінде 1 млн қосымша оқу орны қажеттілігі туындайды. Проблеманы алдын ала шешу үшін Президент тағы 1 мың мектеп салуға тапырма берді», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.



Оның атап өтуінше, желтоқсан айында 200-ден астам мектеп пайдалауға беріледі. Осылайша, 2025 жылға дейін 1 000 жаңа мектеп салынады.



«Бір мың мектеп кемінде 100 мың жаңа педагогикалық мөлшерлемені қосымша құруды талап етеді. Бізге 100 мың мұғалім қажет болады. Дәл осы жайт айтарлықтай үлкен сын-тегеурін болмақ. Бізге сапалы кадрлармен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажет. Осы міндетті шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #мектеп #қажеттілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика