Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2025 жылға қарай Алматыда 22 жаңа мектеп салынады

2025 жылға қарай Алматыда 22 жаңа мектеп салынады

Білім және ғылым 29.03.2024, 11:20 1,417
2025 жылға қарай Алматыда 22 жаңа мектеп салынады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру әкімдіктің ерекше бақылауында.


Алматы қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясы барысында мәслихат депутаттары мегаполистегі оқу орындарын салу мен пайдалануға беру барысын сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қала құрылысы басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаевтың жауабы:



«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы бойынша білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтерге сәйкес заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған 36 800 орындық 22 мектеп салу жоспарланған. Биыл жыл соңына дейін 34 800 орындық 21 мектепті пайдалануға беру, 2025 жылы 2 000 орындық 1 мектепті іске қосу жоспарланған. 23 100 оқушыға арналған 13 мектептің құрылысына бірыңғай тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ болып табылады. Қазіргі уақытта әкімдік «Samruk-Kazyna Construction» АҚ балансына 13 жер учаскесін берді. Барлық учаскеде бөлшектеу жұмыстары аяқталып, қолданыстағы желілерді шығару жүзеге асырылды, сондай-ақ шұңқырды әзірлеу бойынша орындалған жұмыстар бойынша конструкцияның құрылысы жүргізілуде. Әрі қарай қалалық желілерге қосыла отырып, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымға ЖСҚ әзірлеу қолға алынған. Бұл 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асады.



Жеке инвесторлардан 11 700 орындық 8 мектеп алуға келсек. Инвесторлармен сатып алу туралы тиісті меморандумға қол қойылды. «Qazaq Stroy» ЖШС 5 нысанды тапсырады, оның ішінде 4-не ЖСҚ әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, 1 мектептің құрылысы 95% бітті, аяқталуға жақын (жиһаз және жабдық әкелінді). Қалған 3 мектеп бойынша («Dostar Fresh Market» ЖШС, «Тime group» ЖШС және «Парасат» ЖШС) жобалық жұмыстар аяқталуда, ҚМЖ осы жылдың мамырдың соңында басталады деп жоспарланып отыр.


Алғабас шағын ауданында 2000 орындық 1 мектепті салу МЖӘ бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланған. ҚМЖ 2024 жылдың қыркүйегінде басталып, 2025 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру көзделген.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Алматы #мәслихат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогында ел қоржынына медаль салды

Бүгін 10:40

15 елді мекенді су шаюы мүмкін

Бүгін 10:25

Еліміздің көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Бүгін 10:19

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған қазақстандық Грузиядан әкелінді

Бүгін 10:03

Үкімет басшысы Халықаралық Аралды құтқару қорының мүшелерімен кездесті

Бүгін 09:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика