2024 жылдың қараша айында GlobalStats мәліметтері бойынша, Қазақстандағы мобильді телефон нарығында ең танымал бренд Apple болды. Оның нарықтағы үлесі 38,7%-ды құрады, бұл дәстүрлі түрде Apple компаниясының Қазақстандағы нарықта сұраныстың жоғары екенін көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Нарықтағы үлесі 22,6%,-бен екінші орында Samsung тұр. Ал үшінші орында Xiaomi (16,6%) орналасса, төртінші орынға Oppo (5,3%), бесінші орынға Vivo (4%) жайғасты.
Әлемдік саудада Apple 27,7% нарық үлесімен бірінші орында, екінші орынға 23,3%-бен Samsung орын тепті. Ал Xiaomi 11,1% үлеспен үшінші орынды иеленген. Vivo мен Oppo сәйкесінше 6% және 5,7% нарық үлестеріне ие.
Business Insider сарапшылары 2024 жылға арналған ең жақсы смартфон ретінде iPhone 16-ны атап өтті. Бұл модельдің жоғары бағалану себебі – оның жоғары өнімділігі, сапалы камерасы, батареяның ұзақ жұмыс істеу мерзімі және Apple экожүйесімен үйлесімділігі. Сонымен қатар, iPhone 16 сапа мен бағаның тамаша үйлесімімен ерекшеленеді.
2024 жылдың қыркүйек айындағы деректерге сүйенсек, iPhone 16 ең арзан бағамен Қытайда сатылған – 842 АҚШ доллары. Сонымен қатар, ең төменгі баға ұсынылған елдердің қатарында Жапония (877 АҚШ доллары), АҚШ (879 АҚШ доллары), Гонконг (885 АҚШ доллары) және Тайланд (889 АҚШ доллары) да бар.
Бірақ iPhone 16 бағасы ең жоғары көрсеткішке Түркияда жетті, онда оның бағасы шамамен 1 900 АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, Бразилияда да iPhone 16 бағасы жоғары болды – 1 400 АҚШ доллар.
Қазақстанда 2025 жылдың 12 қаңтарындағы жағдай бойынша, iPhone 16-ның бағасы танымал дүкендерде орташа есеппен 609 990 теңгені құрады, бұл шамамен 1 100 АҚШ долларына тең. Бұл баға Қазақстандағы iPhone 16 сатып алу үшін қолайлы нұсқа болып табылады.
2024 жылы Қазақстанда және әлемде мобильді телефондар нарығында Apple компаниясы жетекші орындарда. iPhone 16, өз сапасы мен өнімділігі арқасында, көптеген елдерде ең жақсы смартфон ретінде танылды. Оның бағасы әр елде әртүрлі болғанымен, Қазақстанда бұл модельді сатып алу әлі де тиімді.