AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілг...

2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

Білім және ғылым 06.01.2025, 09:41 668 dulatbekova
2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
 
Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды.
 
Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бұл туралы aqshamnews.kz ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
 
Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
 
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан.
 
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда. Бұл жобаларды іске асыру мектептер мен интернаттардағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ бір мектепте апатты ғимарат мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.
 
Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.
 
Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:
• 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті;
• 967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;
• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
• 10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды.
 
Айта кетейік, мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Жаңа нысандар құрылысы үш ауысымды 42 мектептің, 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен оқушы орынының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
 
 
 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Рекорд #орын саны #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);