AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 19 талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылды

19 талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылды

Білім және ғылым 04.08.2021, 08:23 2,003
19 талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылды
Сурет: 24.kz

Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалка қолданғаны және ережелерді бұзғаны анықталып, олардың нәтижелері жойылды.


 ҰБТ аяқталғаннан кейін 152 талапкердің тестілеу ережесін бұзғаны анықталды, олардың 91-і білім беру грантынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 Өткен жылы бақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау туралы ереже енгізілген болатын. ҰБТ аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 145 мың талапкердің бейнежазбаларын қарайды.


 Бұған дейін Білім және ғылым министрі ҰБТ-ны тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуді және тестілеу нәтижелерін бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.


 Бақылау күшейгендіктен, үш жыл ішінде тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері біршама азайды. 2019 жылы 128 мың, 2020 жылы 1296 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 758 жағдай тіркелді. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдалануға тырысқандардың саны 2019 жылғы 2363-тен 2021 жылы 749-ға дейін азайды.


 Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері алдымен 100-ден жоғары балл жинаған тестіленушілердің бейнежазбаларын тексереді. Мәселен, талапкерлердің нәтижелері наурыз және мамыр, маусым айларындағы көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. 



 «Біз түлектеріміздің тек өз біліміне үміт артуын қамтамасыз ету үшін осындай мұқият тексеру жүргізіп жатырмыз. Өйткені бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижелерін жоюға шешім қабылдады. Енді олар білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Бірақ бұл жағдайлар балалар тарапынан болғандығын ескеріп, оларға жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріледі. Жалпы, барлық түлектер ҰБТ-ны жылына бірнеше рет тапсыра алады. Бұл тестілеуге дайындалу барысында оқушылардың күйзелісін азайтады. Біз тағы да барлық талапкерлерді академиялық адалдыққа шақырамыз. ҰБТ-ның барынша ашық және адал өтуі үшін бұдан әрі де барлық жағдайды жасайтынымызды айтқым келеді. Бейнежазбаларды тексеруді жалғастырамыз. Бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер мен тіпті берілген гранттардың да күші жойылады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Наужан Дидарбекова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);