AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 19 жастағы курсант қайтыс болды

19 жастағы курсант қайтыс болды

Заң мен тəртіп 06.02.2024, 04:14 904 Almaty-akshamy.kz. 
19 жастағы курсант қайтыс болды
Сурет: ашық дереккөз

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған баланың туыстары құзырлы органнан мән-жайды тезірек анықтауды сұрайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.


Жетінші қабаттан пәтер жалдап, терезеден секіріп кеткен Асылжан Абдуллаев Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты. Қысқы демалысқа үйіне келген бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтады. Оның Талдықорғанда суицид жасағанын естігенде төбелерінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баласын өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін екенін айтты.


"Өзінің өмірін қимайды ғой енді. Таксиден түсе сала 3 сағатқа пәтер жалдаған. Кінәлі адам бар. Сол адам табылса деймін", – деді марқұмның әкесі Асхат Мыңжасаров.


Көз жұмған курсанттың анасы ұлының мінезі жақсы болғанын айтты.


"Кішкентайынан тәп-тәтті, ерекше бала болды. Өзіме қатты жақын болды. Әкесі де, мен де ерекше жақсы көрдім. Мінезі өте жақсы. Сыныбымен де, өз ортасымен де жақсы араласты. Жайнап тұрған бала еді. Үйден шыққанда да көңіл-күйі жақсы болды", – деді Анаргүл Мыңжасарова.


Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.


"Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деді Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#курсант #қаза #қылмыс #тергеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);