Найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Синоптиктер 18 тамызда екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 18 тамызда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 18 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыс бағыттан жел солтүстік-батыс бағытка ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматыда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай. Жел оңтүстік-батыс бағыттан жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15- 20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.