AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 18 жасқа толмаған алматылықтар вакцинация паспорты...

18 жасқа толмаған алматылықтар вакцинация паспортын ала бастады

Медицина 18.11.2021, 11:21 1,664
18 жасқа толмаған алматылықтар вакцинация паспортын ала бастады
Сурет: Zakon.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Асқаров хабарлады


12 жастан асқан жасөспірімдерге «Комирнати» Pfizer препаратымен егу науқаны басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Е. Асқаровтың айтуынша, бүгінде Алматының 12-17 жастағы 1700-ге жуық жасөспірімі вакцинаның бірінші компонентін алды және екінші екпені алғаннан кейін вакциналанудың электрондық паспортын eGov-mobile мобильдік қосымшасынан шығарып алуына болады.


Медицина университетінің Жастар саясаты басқармасының басшысы студенттердің ішінде 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар екенін атап өтті. Олардың барлығы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін вакцинациялауға дайын. Сонымен қатар, ЖОО-ның оқытушылар құрамының 100% вакциналанды.



- Біз бір жарым жылға созылған шектеулерді есімізде жақсы сақтаймыз. Бұл жаңа оқу жылы вакцинацияның арқасында күндізгі форматта басталды. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауды жалғастыратын болсақ, егер жасөспірімдер вакцинацияланатын болса, біздің қала мен еліміз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынан құтыла алады, - деп атап өтті Е. Асқаров, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің алматылық студенттері вакцинация мәселелеріндегі ең белсенділердің бірі екенін атап өтті.


- Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсаттарын жинадық және екпе жасай бастадық, - деді Е. Асқаров.



Дәрігер ретінде ол ғылыми зерттеулерді қадағалайды және ковидтің барлық жастағы адамдардың денсаулығына ғана емес, есте сақтау қабілетіне де әсер ететіндігі туралы ақпаратқа ие. Біздің жастарымыз ауырмау, зияткерлік әлеуетін жоғалтпау құқығын пайдалануы тиіс.


ҚазҰМУ өкілі өзі «Спутник V» препаратымен алғашқы алматылықтардың қатарында вакциналанғанын, екпені ауыстыру ұсыныстарын ескере отырып, ревакцинациядан өтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #алматылықтар #паспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);