AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / 17 iPhone, 10 көлік, миллиондаған ақша: Жанабыловт...

17 iPhone, 10 көлік, миллиондаған ақша: Жанабыловтар үйқамаққа қамалды

Оқиға 05.02.2026, 11:49 281
17 iPhone, 10 көлік, миллиондаған ақша: Жанабыловтар үйқамаққа қамалды
сурет: видео кадры

ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, Instagram желісінде (15 миллионнан аса оқырманы бар) көп аудиторияға ие ерлі-зайыпты өз оқырмандарының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.

"2025 жылы олар онлайн курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Бұл курстарды сатып алудың негізгі себебі қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған. Таратылған бейнематериалдардың басым бөлігі ашық дереккөзден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін жасыру үшін ғана пайдаланылған. Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша есебінен жинақталған. Электрон "сәттілік барабанының" параметрлерін өзгерту дерегі анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген", - деп жазылған хабарламада.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-көлік табысталғанын мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.

Қаражаттың жалпы сомасы

Азаматтардан Zhana Business ЖШС-ның бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы - 247,5 млн теңге, оның 60 млн теңгесі депозит шоттарына салынған.

Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына, Lamborghini Urus, Lexus LX 600 көліктерін қосқанда жалпы 10 көлікке тыйым салынған.

Күдіктілерге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазір күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскені белгілі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#блогер #заң #сот #Жанабыловтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика