AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / 15 маусым – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова...

15 маусым – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күні

Тұлға Бүгін 15:05 52 yakiya
15 маусым – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күні
  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызының биыл туғанына 101 жыл.

Былтыр Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтті.

Атап айтқанда, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова сынды батырлардың ерлігі өскелең ұрпақ үшін Отан алдындағы парызға адалдықтың үлгісін көрсеткенін атап өткен болатын.

Батыр қыздың қайсарлығы – Отанға адалдықтың, өр рух пен жанқиярлықтың жарқын үлгісі.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ғұмыры қысқа болса да, рухы мен есімі ел жадында мәңгіге сақталды.

Ашық шайқасқа 1943 жылдың қазан айында 2-Прибалтика майданының 22-армиясы құрамындағы 54-жеке атқыштар бригадасы құрамында түсті.

1944 жылғы 14 қаңтарда Псков облысындағы Насва стансасын жау қолынан азат ету кезінде Әлия Молдағұлова ерекше ерлік көрсетті. Толассыз оқ астында сарбаздарды бірнеше мәрте шабуылға бастап, жауынгерлерді жігерлендіріп отырды. Командирлер саптан шыққан сәтте басшылықты өз қолына алып, ұрысты жалғастырды. Ауыр жараланса да, соңғы демі қалғанша майдан шебін тастамай, ержүректік пен өжеттіктің озық үлгісін көрсетті.

Әлия Молдағұлова небәрі 18 жасында майдан даласына аттанып, ерлікпен қаза тапты. Соғыстан кейін майданда қаза болған жауынгерлердің сүйегі әскери құрметпен бауырластар зиратына қайта жерленді.

Тарихи деректерге сәйкес, мерген қыз майдан даласында жаудың 78 солдаты мен офицерінің көзін жойған. Көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін Әлия Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, «Алтын Жұлдыз» медалімен және Ленин орденімен марапатталды.

Әлия Молдағұлованың есімі мен ерлігі халық жадында мәңгі сақталып келеді. Батыр қыздың аты көптеген елді мекендерге, көшелер мен даңғылдарға беріліп, оның құрметіне ескерткіштер мен мемориалдық кешендер салынды.

Ақтөбе облысында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған облыстық мемориалдық музей жұмыс істейді. Онда мерген қыздың балалық шағы, оқыған кезеңі және майдан жолына қатысты құнды деректер жинақталған. Сонымен қатар Қобда ауданындағы Әлия ауылында да оның рухына арналған музей бар.

Әлия Молдағұлованың есімі мен ерлігі Мәскеуде де кеңінен насихатталып келеді. 1998 жылы №891 мектепке Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Бұдан бөлек, Әлияның өзі тәлім алған мергендер мектебі орналасқан даңғыл оның құрметіне аталған. Ал 2005 жылы Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында мектеп ауласына ескерткіш қойылды.

Қазақтың даңқты қызы – ел басына күн туған шақта халқын, жерін жауға бермеу үшін атқа қонған қазақтың батыр қыздарының ізбасары. Оның тағдыры мен жауынгерлік жолы әдебиетте, музыкада, кино мен театрда кеңінен дәріптеліп келеді. Ал ерлігі мен тағылымы жыл өткен сайын жаңғырып, жаңара бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлия Молдағұлова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«СӘТТЕР»: Елена Каркавинаның жеке көрмесі

Бүгін 16:43

«Әскерге жолдама» ұтып алған жаркенттік азамат Алматыда Отанға адал болуға ант берді

Бүгін 16:30

Алматыда алты түркі елінің жастары бас қосты

Бүгін 16:25

Алматы қуыршақ театры Татарстандағы халықаралық фестивальде Қазақстанның атынан өнер көрсетеді

Бүгін 15:45

Елімізде Джеки Чанның танымал фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

Бүгін 15:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);