Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / 15-17 мамыр аралығында Алматыда «Qazaq Book Fair»...

15-17 мамыр аралығында Алматыда «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 14.05.2024, 12:16 1,228
15-17 мамыр аралығында Алматыда «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді
Сурет: Ұлттық кітапхана

«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және «Фолиант» баспасы». «Фолиант» – баспа индустриясында 1996 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қазақстандық баспа.

Баспа жыл сайын жүздеген әлемдік үздік туындыларды қазақ тіліне аударып және басып шығарады. Фолианттың ассортиментінде қазақ әдебиетінің жауһарлары, әлемдік классика, ғылыми-танымдық еңбектердің сан мың түрі бар. 

«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесіне «Фолиант» баспасы және «Қасым» баспа үйі мен «Книжный клуб» баспасы қатысады. Халық арасында кітап оқуды насихаттау ісінде көрменің маңызы зор. Баспа саласы дамыған, кітапты сүйіп оқитын әр елде кітап көрмесі жиі өткізіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында:  

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Мен Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысты қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», - деп атап өткендей, бұл көрменің мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға баулу, отбасымен бірге кітап оқуды насихаттау, жастардың оқырмандық талғамын қалыптастыру. 

«Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі үш күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында  жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, автормен кездесу, автограф-сессиялар өткізіледі. Атап айтар болсақ, «Фолиант» баспасынан жарық көрген Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» атты тарихи романы, Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде» кітабы, Әлішер Рахаттың «Махаббатым - Constant. Параллель» романдарының, «Книжный клуб» баспасынан жарық көрген Юрий Серебрянскийдің «Черная звезда» кітабы, Данияр Қуантқановтың «Марьям» кітабының таныстырылымы жоспарланып отыр. Сондай-ақ жәрмеңкеде Гүзел Яхина, Әлібек Асқаров сияқты жазушылармен кездесуге қатысып, автордың қолтаңбасын алуға,  кез келген кітапты баспа бағасымен сатып алуға болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық кітапхана #«Qazaq Book Fair» #кітап #көрме-жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика