AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар: Полиция қ...

1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар: Полиция қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады

Заң мен тəртіп 25.02.2026, 10:03 510
1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар: Полиция қазақстандықтарға тағы да ескерту жасады
depositphotos.com

Полиция азаматтарды кибералаяқтардан сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық деректерінің жиілегенін тіркеуде. Хабарлама арқылы код алған азамат бірден психологиялық қысымға тап болады: артынша алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк, пошта, салық органдары немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі қосымшаларды орнатуға немесе күмәнді сілтемелерге өтуге үгіттейді.

"Олар азаматтарды "жеке деректеріңіз ұрланды" деп сендіріп, шұғыл түрде ақша аударуды немесе несие рәсімдеуді талап етеді. Алайда бұл – психологиялық айла ғана. 1414 нөмірінен келген SMS несиелерге қолжетімділік бермейді, себебі банктер өздерінің көпсатылы қорғаныс жүйелерін қолданады. Көбіне егде жастағы адамдар жәбірленушіге айналады: оларды депозиттегі қаражатын шешіп алуға, "сақтандыру шотына" аударуға, мүлкін сатуға немесе кепілге қоюға көндіреді. Алаяқтар қаражатты курьерлер немесе мессенджерлер арқылы иемденеді", – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, интернет арқылы тауар сату және жалған инвестициялық ұсыныстарға қатысты схемалар да кең таралған.

Қаскөйлер төмен баға немесе жоғары табыс уәде етіп, алдын ала төлем талап етеді, кейін байланысқа шықпай қояды. Сондай-ақ "туысыңыз жол-көлік оқиғасына түсті" деген мазмұндағы қоңыраулар арқылы эмоционалдық қысым жасап, ақша бопсалау дерегі кездеседі.

"Ең басты қағида – жеке деректеріңізді, банк карталарының реквизиттерін және келген кодтарды ешкімге хабарламау. Қоңырау шалушы өзін банк немесе полиция қызметкері ретінде таныстырса да, ақпаратты өзіңіз дербес тексеріңіз. Психологиялық қысым мен манипуляцияға берілмеңіз", – деп атап өтті Әнес Қалдыбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Ескерту #Алаяқтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Корея Республикасының Премьер-министрімен кездесті

Бүгін 14:17

ҚазҰУ ректоры жаңа оқу жылында «Алтын белгі» иегерлерімен кездесті  

Бүгін 13:40

Жаңа Конституцияда азаматтарды цифрлық ортада қорғауға кепілдік берілген - Олжас Бектенов

Бүгін 13:17

Олжас Бектенов токенизациялау тетігін кеңінен пайдалануды тапсырды

Бүгін 13:13

Қазақстан алғашқылардың бірі болып цифрлық майнингті реттеу тетігін құрды

Бүгін 13:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);