AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 12 мыңнан астам тұрғын қалалық су бұру желілерімен...

12 мыңнан астам тұрғын қалалық су бұру желілерімен қамтылатын болады

Әлеумет 19.10.2023, 13:47 930
12 мыңнан астам тұрғын қалалық су бұру желілерімен қамтылатын болады
Almaty-akshamy.kz

Қарасу шағын ауданның 12 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған қалалық су бұру желілерімен қамтылатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданын аралаған жұмыс сапары кезінде Қааасу шағын ауданындағы екі кәріз-сорғы станциясының (КСС) құрылыс барысымен танысты. 


Қарасу шағын ауданындағы сумен жабдықтау желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысы бойынша басталды. Жер бедерінің тегіс еместігі салдарынан қолданыстағы коллектордағы ағын суларды бұру үшін 11 метр тереңдікте екі кәріз және сорғы станцияларын салу қажет болды. Шұңқырды қазу кезінде мердігер ұйым жер асты суларының үлкен ағынына тап болды. Жобалық шешіммен суды бұру үшін скважинаны қосымша бұрғылау қарастырылған. Жақын арада мердігер ұйым КСС монтаждауға кіріседі. Нысанды тапсырудың жаңа мерзімдеріне сәйкес жұмыстарды 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.


Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мегаполис басшысына шағын аудан тұрғындарын орталық инженерлік желілермен қамту нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады. Ағымдағы жоба аясында коммуникациялар құрылысы бойынша 25 км су құбыры жүргізілді. Су бұру жұмыстары іс жүзінде аяқталды,қалғаны 140 м.Осылайша, орталық желілермен 12 мыңға жуық адамды қамти отырып, 2 мыңға жуық жеке тұрғын үй қамтамасыз етіледі.


Ерболат Досаев аудандық әкімдікке және энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жұмыстарды белгіленген мерзімге сәйкес аяқтау үдерісін бақылауды және сапаны тексеруді жүзеге асыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика