AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш к...

«111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Білім және ғылым 26.03.2025, 14:26 619 dulatbekova
«111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Сурет: Gov.kz
2025 жылдың басынан отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік «111» бірыңғай байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
 
Оның ішінде 339 өтініш телефон арқылы қабылданса, қалғаны білім беру ұйымдарында орналастырылған QR-кодтар арқылы жолданған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 
 
Өтініштердің басым бөлігі ақпараттық сипатта болды – балаларға анықтамалық мәліметтер, кеңестер беріліп, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсетілді. Күрделі жағдайларда тиісті органдардың қатысуымен ведомствоаралық көмек ұйымдастырылды.
 
«111» байланыс орталығы өтініш білдірушілердің жеке деректерінің құпиялығын және анонимділігін толықтай қамтамасыз етеді. Қажеттілігіне қарай ол құқық қорғау, қорғаншылық органдарына немесе басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелерге беріледі. Орталық полициямен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шұғыл шаралар қабылдайды.
 
«Бұл байланыс орталығы балаларға өздерінің ойларын, көңіл-күйлері мен мәселелерін қымсынбай, қорықпай жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай бастама балалар үшін қолайлы орта қалыптастыруға, ашық диалог мәдениетін дамытуға және қоғамның психологиялық әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
 
Айта кетейік, 2024 жылғы шілде айында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң аясында «111» байланыс орталығының қызметі заңнамалық түрде бекітілді. Ал 2025 жылдың қаңтар айынан бастап мектептер мен колледждерде орталыққа жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар орналастырылды. Бұл бастама ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп жүзеге асырылды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#111 #байланыс орталығы #өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);