конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / 100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digit...

100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді

Алматы Бүгін 12:14 27
100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді
Алматы әкімдігі

Бес шеберлік сабағы және 10 сағаттан астам IT-әзірлеме қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда биыл 29-31 тамыз аралығында жастарға арналған Digital Camp — JAS CAMP өтеді. Үш күндік білім беру бағдарламасы 100-ден астам жастың басын қосып, олар өздерінің цифрлық жобаларын әзірлейді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Қатысушылар Алматыдан 18 шақырым жерде орналасқан «Арман Дала» демалыс аймағында жұмыс істейді. Олар 10 командаға бөлініп, идеяны қалыптастыру мен мәселені айқындаудан бастап, MVP — өнімнің минималды өміршең нұсқасын әзірлеуге және оны көпшілік алдында қорғауға дейінгі кезеңдерден өтеді. Лагерь қорытындысы бойынша 20-дан астам digital-жобаны таныстыру жоспарланып отыр.

Бағдарлама практикалық жұмысқа негізделген. Ол бес бағытты қамтиды: Idea → Product, AI & Digital, UX/UI және жобаны рәсімдеу, жобалық команданың жұмысы, Pitch & Storytelling. Қатысушылар мақсатты аудиторияны анықтауды, жасанды интеллект пен digital құралдарды пайдалануды, өнімді визуалды тұрғыда рәсімдеуді және жобаларды таныстыруды үйренеді.

Жалпы бес шеберлік сабағы және 10 сағаттан астам IT-әзірлеме қарастырылған. Бірінші күн команда құруға және идеялармен жұмысты бастауға арналса, екінші күні қатысушылар менторлармен бірге жобаларын әзірлейді. Үшінші күні жобалар пысықталып, Demo Day өтеді. Сондай-ақ, Digital Night — түнгі digital-хакатон ұйымдастырылады. Оның барысында командалар MVP мен презентацияларын әзірлеуді жалғастырады.

«Бүгінде цифрлық дағдылар қосымша құзырет қана емес, жастардың кәсіби дамуына қажетті негізгі құралдардың біріне айналды. Сондықтан біз үшін жастар теориялық білім алып қана қоймай, идеясын нақты өнімге айналдыруды үйренетін форматты қалыптастыру маңызды. JAS CAMP қатысушылары үш күн ішінде қалыпты жағдайда бірнеше айға созылуы мүмкін жолдан өтеді: команда құрып, мәселені айқындайды, оның шешімін әзірлеп, сарапшыларға ұсынады. Бұл лагерь көптеген жас үшін IT, кәсіпкерлік және жобасын жүзеге асыру бағытындағы алғашқы маңызды қадам болады деп сенеміз», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

JAS CAMP бағдарламасының қорытындысы Demo Day болады. Онда командалар интенсив барысында әзірлеген 20-дан астам жобасын таныстырады. Қатысушылар идеясын жүзеге асырумен қатар, командада жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін жинақтап, IT саласындағы мамандықтармен танысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Бүгін 11:28

Қазақстанда «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтуде

Бүгін 11:02

Бір тәулікте Алматыда 2 мыңнан астам жол ережесі бұзылған

Бүгін 10:03

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:08

Air Astana тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алды

Кеше 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);