AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / 1 қазанда Павлодар зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтай...

1 қазанда Павлодар зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды

Экономика 29.09.2021, 12:40 1,486
1 қазанда Павлодар зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды
mail.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Макеев Дмитрий Павлодар мұнай өңдеу зауытын жөндеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Айта кетейік, биылғы 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтайды.



«Үш мұнай өңдеу зауытында дизель отынын өндірудің ағымдағы көлемі тәулігіне 16 мың тонна шамасында. Сонымен бірге, елімізде дизель отынын тұтынудың өте жоғары деңгейі сақталып отыр, яғни тәулігіне 16,5 мың тонна. 1 қазанда Павлодар зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. Осы орайда Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының дизель отынын тәуліктік өндіру көлемі 9,5 мың тоннаға жуық. Қазан айында Атырау зауыты 133 мың тонна, ал Шымкент зауыты 161 мың тонна дизель отынын өндіреді. Павлодар мұнай өңдеу зауыты жөндеуге тоқтағанға дейін кәсіпорында 27 мың тонна көлемінде қор жинақталады. Сонымен қатар, АИ-92 бензині бойынша 45 мың тонна және АИ-95-ке қатысты 2 мың тонна мөлшерінде қор жасалады» - деді Д. Макеев Орталық коммуникациялар қызметінде.



Оның сөзіне қарағанда, Павлодар мұнай-химия зауытын іске қосу биылғы қазан айының соңына дейін болады. Тауарлық дизель тәулігіне 6 мың тонна көлемінде 28 қазаннан бастап жөнелтіле бастайды.



«Павлодар зауытында күрделі жөндеу жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілмеді. Отандық мұнай өңдеу зауыттарында ағымдағы жөндеу жыл сайын өткізілсе, күрделі жөндеу 3 жылда бір рет атқарылады», - деді «ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Палодар #мұнай #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);