AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 қаңтардан бастап Бурабай ұлттық паркіне кіру тар...

1 қаңтардан бастап Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгереді

Әлеумет 20.12.2023, 14:17 1,282 Almaty-akshamy.kz. 
1 қаңтардан бастап Бурабай ұлттық паркіне кіру тарифі өзгереді
Сурет: ашық дереккөз

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы (№165-VII) Заңы аясында Салық кодексінің 591-бабына Мемлекеттік ұлттық парк аумағы көлік құралдарын кіргізгені үшін алым алу мәселесі бойынша толықтыру енгізілген болатын. Осыған орай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге жаңа төлем ставкалары бекітілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



2024 жылға арналған алым мөлшері:


- жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (369 теңге);


- мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);


- жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);


- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);


- 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7 384 теңге);


- 32-ден астам орындық автобус – 3 АЕК (11 076 теңге).


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан елді мекендерде тұратын және/немесе сол жерде орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар төлемнен босатылады.


Бурабай, Бұланды және Еңбекшілдер аудандарының ұлттық парк аумағынан тыс орналасқан елді мекендерінің халқы жалпы негізде ақы төлеуге міндетті. Бұл ұлттық паркпен іргелес жерлерде тұратындарға да қатысты. 


«Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі
Фото: «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі


2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке/заңды тұлғалардың автокөлік құралдарынан ұлттық парк аумағында болған әрбір күн үшін төлем алынады.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны алымның ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде 5 бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды.


Өткізу бекеттерінің бәрі екінші деңгейлі банктердің төлем қызметіне қосылған (kaspi.kz, homebank, Jusan), яғни төлемді терминал арқылы да, банктік аударыммен де жасауға болады.


Онлайн төлеу үшін банктердің QR-кодтары қойылған. Банк қосымшасымен төлеу үшін шотыңызды алдын ала толтыруға болады (ақылы жолдардағы сияқты). Ондай кезде ұлттық парктен шыққанда төлем автоматты түрде есепшотыңыздан алынады. Төлем банктік аударыммен де, қолма-қол да жасалады.


Бақылау-өткізу бекетінде кептеліс болмауы үшін маршрутты алдын ала жоспарлап, Бурабай ауылындағы ғана емес, басқа да өткізу бекеттерінен де шығуға болатынын ескерулеріңізді сұраймыз.


Анықтама ақпарат:


№1 өткізу бекеті – Астана-Петропавл тас жолы жағынан кіру.


№2 өткізу бекеті – Бурабай ауылында.


№3 өткізу бекеті - Щучинск қаласы арқылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағына кірер тұста.


№4 өткізу бекеті – Мемлекеттік ұлттық парк аумағына Щучинск қаласынан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы бағытындағы кіре берісте.


№5 өткізу бекеті – Қатаркөл көлінің жанындағы Приозерный орман шаруашылығының аумағында.


Тариф «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңының 38-бабына орай өзгерді. Көлік құралдары адамдарға қарағанда қоршаған ортаға көбірек зиян келтіретіні (ауаны ластайды, зиянды химиялық заттар таралады, дыбысы қатты) ескерілді.


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы төлем республикалық бюджетке түседі, «Бурабай» МҰТП-ның міндетіне оны тек жинау кіреді.


Бұған дейін Қазақстандағы ұлттық парктер аумағына кірудің жаңа тарифі жарияланғанын жазған болатынбыз. Министрлік мамандарының пайымынша, бұл нормалар адамдардың жаяу туризмге назар аударуын ынталандыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#парк #демалыс #тариф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Бүгін 16:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзі

Бүгін 15:59

Симпозиумда ЮНЕСКО өкілдері сөз сөйледі

Бүгін 15:55

Алматыдағы Зерделі шағынауданында жаңа мектеп құрылысы аяқталуға жақын

Бүгін 15:36

Президент: «Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз»

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);