AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 маусымнан бастап электр энергиясы тарифтері қымб...

1 маусымнан бастап электр энергиясы тарифтері қымбаттайды

Әлеумет 04.05.2023, 11:21 1,587
1 маусымнан бастап электр энергиясы тарифтері қымбаттайды
Сурет: Aikyn.kz

Энергетика министрлігінің өкілдері ұсынған ақпаратқа сәйкес, мамыр айында энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерін қайта қарау жоспарланып отыр.


Энергетика министрлігінің мәліметінше, 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифтерді түзетуге өтінім берген. 20 энергия өндіруші ұйым үшін тариф бұрынғы деңгейде сақталатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Бағаның қымбаттауына жөндеу жұмыстарына қажет материалдар мен жабдықтар құнының өсуі себеп болып отыр.


Еліміздегі энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуаттарының жартысынан көбінің тозығы жеткен. Тіпті кейбіреуі істен шығып қалудың аз-ақ алдында тұр. Мәселен, Степногор ЖЭО-ның тозу деңгейі - 82 пайыз, Риддер ЖЭО - 75 пайыз, Орал ЖЭО - 86 пайыз. 90 пайызға дейін тозып кеткен ЖЭО-лар да бар.


Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы шеңберінде станция қызметкерлерінің жалақысының деңгейін тиісті өңірлер бойынша орташа деңгейге дейін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Шекті тариф жобасында өндірістік персонал жалақысының ұлғаюы да ескеріледі. Бұл энергетикалық кәсіпорындардан экономиканың аралас салаларына жоғары білікті мамандардың кетуін тоқтатуға бағытталған.


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті энергия өндіруші ұйымдардың шекті тарифтерін арттырудың халықтың әлеуметтік әл-ауқатына әсеріне талдау жүргізіп жатқанын атап өтті.


Айта кетейік, электр энергиясы тарифі өткен жылы да 1 шілдеден бастап қымбаттаған еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр энергиясы #тариф #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);