AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жүрек жағдайын дер кезінде бақылау маңызды - карди...

Жүрек жағдайын дер кезінде бақылау маңызды - кардиолог

Медицина Бүгін 14:07 45
Жүрек жағдайын дер кезінде бақылау маңызды - кардиолог

Дәрігерге жүгініп, денсаулықты тексерткен жөн, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Адам өзін жақсы сезінгеннің өзінде жүрек-қан тамырлары аурулары ұзақ уақыт бойы еш белгі бермеуі мүмкін. Сондықтан ауырсынудың пайда болуын күтпей, жүрек жағдайын дер кезінде бақылау маңызды.

Бұл туралы Алматы қаласындағы №11 қалалық емхананың кардиологы Динарям Худайбердиева айтып берді.

«Адам өзін сау сезінуі мүмкін, алайда ағзасында ауру үдерісі басталып кетуі ықтимал. Кейбір жүрек-қан тамырлары аурулары ұзақ уақыт бойы айқын белгілерсіз өтеді. Сондықтан шағымдардың пайда болуын күтпей, денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін тұрақты бақылау қажет», — дейді маман.

Ең алдымен артериялық қан қысымына, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейіне назар аударған жөн. Әсіресе, артық салмағы бар, қант диабетімен ауыратын, қан қысымы жоғары, холестерин деңгейі жоғары адамдарға, сондай-ақ отбасында жүрек-қан тамырлары аурулары болған азаматтарға профилактикалық тексерулерден тұрақты өтіп тұру маңызды.

Елемеуге болмайтын белгілер де бар: әдеттегі физикалық жүктеме кезінде ентігу, кеуде тұсының ауыруы немесе жайсыздық сезімі, жүрек соғу ырғағының бұзылуы, әдеттен тыс әлсіздік, тез шаршау, бас ауруы, ісінудің пайда болуы.

Сонымен қатар дәрігер өз бетінше диагноз қойып, тексерулерден немесе дәрі-дәрмектерден өздігінен тағайындамауға кеңес береді.

«Тексеруді дәрігерге қаралудан бастауға болады. Маман қауіп факторларын бағалап, қан қысымын өлшейді, қажет болған жағдайда талдаулар мен басқа да тексерулерді тағайындайды. Мұндай тәсіл артық тексерулерден аулақ болуға және сонымен бірге денсаулықтағы маңызды өзгерістерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді», — дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, профилактика тек тексеруден өтумен шектелмейді. Дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, темекі шегуден бас тарту, дене салмағын бақылау және артериялық қан қысымын тұрақты өлшеп отыру да маңызды рөл атқарады.

Негізгі кеңес қарапайым: жүрек ауыра бастағанын күтпеңіз. Егер қауіп факторлары болса немесе әдеттен тыс белгілер байқалса, дәрігерге жүгініп, денсаулығыңызды тексерткен жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еңбек нарығындағы сұраныстың жартысынан астамы ТжКБ мамандарына тиесілі

Бүгін 14:31

Алматыда жыл басынан бері магнит жұтып қойған 15 бала ауруханаға түсті

Бүгін 14:13

Қазақстанда 20 жаңа мамандық ТжКБ сыныптауышына қосылды 

Бүгін 13:52

Қазақстанда ТжКБ жүйесі кадр даярлаудың жаңа моделіне көшірілуде

Бүгін 13:41

Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысы өтті

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);