конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Жолаушы да, жүк те көбейді: Қазақстандағы тасымал...

Жолаушы да, жүк те көбейді: Қазақстандағы тасымал көлемі артты

Нарық 23.07.2026, 09:21 199
Жолаушы да, жүк те көбейді: Қазақстандағы тасымал көлемі артты
depositphotos.com

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда барлық көлік түрімен 979,4 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5% артық. Осы кезеңде жолаушылар айналымы 5,1% өсіп, 45,3 млрд жолаушы-километрге жетті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жолаушылар тасымалының негізгі үлесі дәстүрлі түрде автомобиль көлігіне тиесілі болды. Автомобиль көлігімен 962,7 млн жолаушы тасымалданды. Алты ай ішінде теміржол көлігінің қызметін – 9,2 млн, әуе көлігін – 7,4 млн, теңіз көлігін – 14 мың жолаушы пайдаланған. Жолаушылар тасымалынан түскен кәсіпорындардың кірісі 0,8 млрд теңгеге жетті.

Жолаушылар айналымының ең жоғары өсімі Қостанай облысында тіркелді – 62,7%. Сондай-ақ айтарлықтай өсім Алматы қаласында – 22,3%, Ақмола облысында – 20,6% және Шымкент қаласында – 19,2% байқалды. Алматы облысында жолаушылар айналымы 15,8%, Қарағанды облысында – 14,2%, Жетісу облысында – 13,6%, Батыс Қазақстан облысында – 10% өсті. Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсім 8,9%, Ақтөбе облысында – 4,6%, Абай облысында – 2,3% болды.

Жүк тасымалында да оң үрдіс сақталды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша жүк айналымы өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2% артып, 255,8 млрд тонна-километрге жетті.

Жүк айналымының ең жоғары өсімі Жетісу облысында – 16,3% және Абай облысында – 12,2% тіркелді. Қызылорда облысында көрсеткіш 8,7%, Астана қаласында – 8,5%, Ақтөбе облысында – 6,9%, Түркістан облысында – 5,8%, Ақмола облысында – 4,9%, Ұлытау облысында – 4,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 2,5% өсті. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында өсім 1,9%-дан, Алматы қаласында – 0,4%, Қостанай облысында – 0,2% болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тасымалдау #тасымал #Жүк тасымалы #Жолаушы тасымалы #Теміржол тасымалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);