AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қаз...

Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары өтуде

Спорт 02.09.2026, 14:28 343
Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары өтуде

Чемпионаттарға 22 ерлер және 15 әйелдер командалары қатысуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы чемпионаттарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешев, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, ҚР ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту жөніндегі үйлестіруші Мақсұт Есполов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, командалар өкілдері, бас төрешілер алқасы, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.

Ашылу рәсімі барысында чемпионат қатысушыларына ізгі тілектер айтылып, спортшыларға сәтті өнер көрсету, жоғары нәтижелер мен әділ бәсеке тіленді.

Чемпионаттарға ерлер арасында 22 және әйелдер арасында 15 команда қатысуда. Қатысушылардың жалпы саны – 356 адам. Олардың қатарында спортшылар, жаттықтырушылар, командалар өкілдері және төрешілер құрамы бар.

Чемпионат барысында спортшылар өрт сөндіру-құтқару спортының төрт дисциплинасы бойынша бақ сынайды:

  • шабуыл сатысымен көтерілу;

  • 100 метрлік кедергілер жолағынан өту;

  • 4×100 метрлік өрт эстафетасы;

  • жауынгерлік қанат жаю.

Ұлытау облысында республикалық чемпионаттардың өткізілуі – еліміздің үздік спортшылары үшін өз шеберлігін, жылдамдығын, төзімділігі мен кәсіби дайындығын көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды спорттық оқиға.

Чемпионат қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен командалар анықталып, әлем чемпионаттарына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлттық құрама командаларының құрамына үміткерлер іріктеледі.

Жарыстың алғашқы күнінде Ұлытау облысы ТЖД 1-МӨСБ базасында «шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Бүгін 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Бүгін 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Бүгін 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);