AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жасөспірімдерді есірткі қылмысынан қорғау: Алматыд...

Жасөспірімдерді есірткі қылмысынан қорғау: Алматыда профилактикалық жұмыстар күшейтілуде

Алматы 02.09.2026, 14:39 370
Жасөспірімдерді есірткі қылмысынан қорғау: Алматыда профилактикалық жұмыстар күшейтілуде
Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімдігінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен Өңірлік есірткіге қарсы штабтың кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отырыста кәмелетке толмағандарды есірткінің заңсыз айналымына тартудың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар арасында есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасын күшейту мәселелері қаралды.

Штаб жұмысына ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің, прокуратураның, ҰҚКД, Психикалық денсаулық орталығының, Білім басқармасының, Жастар саясаты басқармасының, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, Фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері, сондай-ақ қаланың сегіз ауданы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Қатысушылар жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижелерін, қауіп факторларын анықтау, мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары мен аудан әкімдіктерінің өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелерін талқылады.

Әлеуметтік желілер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәмелетке толмағандарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға байланысты жаңа қауіп-қатерлерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жасөспірімдерді есірткі таратуға және курьер ретінде пайдалануға тарту әрекеттері сөз болды.

Осыған байланысты есірткі өткізушілердің теріс ықпалына тап болған жасөспірімдерді дер кезінде анықтап, олардың құқыққа қайшы әрекетке баруына жол бермей, алдын ала тиісті шаралар қабылдаудың маңызы зор.

Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмысты күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және жасөспірімдердің есірткі қылмысына тартылуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар айқындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Бүгін 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Бүгін 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Бүгін 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);