AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жарқын сәтке толы жаз

Жарқын сәтке толы жаз

Алматы Бүгін 16:54 54 yakiya
Жарқын сәтке толы жаз
№147 гимназия

Жазғы демалысты әсіресе, оқушылар сағына тосады. Өйткені,жыл бойғы үздіксіз алған білім мен басқа да қосымшалардан ағза демалады. Әрі сол алған білімдерін толықтырып, бос уақытын тиімді өткізетін шақ та осы кезең. Осындай мақсатта ашылған Алмалы ауданындағы №147 гимназияның «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің жұмысы қазір қызып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Лагерьдің негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, спортқа баулу, танымдық көкжиегін кеңейту сияқты мақсаттарды көздесе, бұл өз үдесінен шығып жатыр. Сондай-ақ, лагерь жұмысы балалардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтып, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталып отыр.

«Жадырап жаз келді» деген атпен ашылған лагердь балаларды аса қуанышпен қарсы алды. Мұндағы күнделікті өтіп жатқан асфальтқа сурет салу, ертегілер оқу, ойын-сауық бағдарламалары мен дискотека ерекше көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, оқушылардың кітапханаға саяхат жасап, кітап әлемімен жақынырақ танысуы басты бағытқа қойылған. Мұнда балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында танымдық шаралар ұйымдастырылып, спорттық эстафеталар өткізілді.

«Смайл» қуыршақ театрының «Жол ережесін сақтайық!» қойылымы да балалардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін нығайтып, жауапкершілік сезімдерін арттыруға ықпал еткені анық. Сонымен қатар білім сайыстары мен ұлттық зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай лагерьде «Рәміздерім – мақтанышым» атты іс-шара өткізілді. Балалар мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы білімдерін толықтырып, патриоттық флешмобқа қатысты.

Алда балаларды Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейіне, 28-панфиловшылар саябағына, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар театрына және Алматы хайуанаттар бағына танымдық саяхаттар күтіп тұр. Сондай-ақ шығармашылық байқаулар, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар мен би сайыстары ұйымдастырылады.

«Балдәурен» лагері – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізетін, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, туған елінің мәдениеті мен тарихын танып-білуіне мүмкіндік беретін тәрбиелік маңызы зор орта. Мұнда әр күн жаңа әсерге, жаңа білімге және жарқын естеліктерге толы,-дейді мектеп басшысы Роза Сұраншиева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және айыппұл тұрағында сақтау тәртібін өзгерту жоспарлануда

Бүгін 17:39

Алматыда жол қозғалысы мен автотұрақтарды ұйымдастырудың жаңа қағидалары қарастырылуда

Бүгін 17:37

Қазақстан мен Түркия жастары «Қайрат» ФК академиясының тәжірибесімен танысты

Бүгін 16:48

Футболдан Әлем чемпионаты басталады

Бүгін 16:12

Алматы Қазақстан сәнінің астанасы болып қала береді: ұлттық стиль қазақстандық сәннің өзегіне айналды

Бүгін 15:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);