Жексенбі күні Алматыда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ал Астана мен Шымкентте жауын-шашын болмайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 2-7 метр, күндіз 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +29…+31 градус болады.
Алматыда күн ала бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні кей уақытта 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус ыстық болады.
Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +36…+38 градус болады.