AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі бер...

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Мәдени Алматы 21.04.2026, 16:45 274 yakiya
«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

«Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің абызы, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімұлының есімі ресми түрде берілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәдениет пен өнер саласында айтулы оқиға болды. Бұдан былай өнер ордасы «Асанәлі Әшімов театры» деп аталады.

Бұл бастама ұлттық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылық мұрасын ұлықтау және өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылды. Асанәлі Әшімовтың сахна мен экрандағы қолтаңбасы, жоғары кәсіби шеберлігі мен ұстаздық жолы қазақ өнерінің алтын қорына енген.

Театр ұжымы жаңа атау үлкен жауапкершілік пен жаңа белестің бастауы екеніне тоқталды. Осыған орай, театрдың жаңа брендингін қалыптастыру мақсатында «Үздік логотип» байқауы жарияланды.

 

«Үздік логотип» байқауы

Байқаудың мақсаты – театрдың бірегей стилін айқындайтын, заманауи әрі есте қаларлық логотипті анықтау. Ұйымдастырушылар креативті ойлайтын, тың идея ұсынуға дайын барша жанды байқауға шақырады.

Шарттары:
- Логотип авторлық және бірегей болуға тиіс;
- Асанәлі Әшімовтың арнайы қолтаңбасы болуы керек;

- Мекеме қызметін толық бейнелеуі қажет;
- Жұмыс сапалы форматта (PNG, JPEG, PDF) қабылданады;
- Бір қатысушы бірнеше жұмыс ұсына алады.

Материалдар байқау жарияланған күннен бастап 1 мамырға дейін қабылданады.
WhatsApp: +7 701 712 2087
Email: press@almaty-ayenderi.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асанәлі Әшімов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Бүгін 17:53

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Астанада эко-челлендж басталды

Бүгін 17:42

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);