Алматының Медеу ауданындағы Жамбыл көшесі (Достық даңғылынан Назарбаев көшесіне дейін) мен Төлебаев көшесін көгалдандырып, замандық автоматты суару жүйесі орнатылды. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында аудан әкімдігінің өкілдері журналистерге осы жобалардың қалай іскен асқанын жан-жақты баяндап берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жобалар аясында сорғы станциялары орнатылып, жалпы ұзындығы 14 шақырым болатын автоматты суару желісі жүргізілген. Жаңа жүйе жасыл желекті уақытылы әрі біркелкі суаруға мүмкіндік беріп, оларды күтіп-ұстаудың тиімділігін арттырып, суды ұтымды пайдалануға сеп болмақ.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында автоматты суару жүйесін орнату мен көгалдандыру жобасы аяқталды. Жаңа суару желісінің жалпы ұзындығы шамамен 14 шақырым болады. Биыл бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан 30 жобаның 10-ы көгалдандыру мен автоматты суару жүйесін орнатуға арналған екен. Бұлардың барлығын тұрғындардың өзі ұсынып, нысандарды таңдау мен жобалық ұсынысты қалыптастыруға да сол тұрғындардың өздері атсалысты», – дейді Азат Кәкетаев.
Автоматты суару жүйесін енгізу қалалық инфрақұрылымды дамытып, жайлы қалалық орта қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыстың бір бөлігі. Замандық технологиялардың арқасында ағаштар, бұталар мен көгалдардың жай-күйі жақсарып, қоғамдық кеңістікті күтіп-ұстау сапасы едәуір артпақшы.
Жұмыс жобалық шешімге сәйкес орындалып, қазір аяқталып қалды.