AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы тамыз ай...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы тамыз айында 13 жалған ақпаратты анықтады

Заң мен тəртіп Бүгін 18:08 57
 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы тамыз айында 13 жалған ақпаратты анықтады

Талдау көрсеткендей, көп жағдайда жалған ақпарат толығымен ойдан шығарылған сюжет түрінде емес, нақты оқиғалар, мемлекеттік шешімдер, ресми хабарламалар мен фактілерді бұрмалау арқылы таралған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, жалған ақпаратты шынайы етіп көрсету үшін мемлекеттік органдардың атаулары, нормативтік-құқықтық актілер, танымал компаниялар және визуалды материалдар пайдаланылған.

Сонымен қатар азаматтардың күнделікті өміріне тікелей қатысты тақырыптар — табыс пен салық, әлеуметтік төлемдер, білім беру, денсаулық сақтау, дербес деректердің қауіпсіздігі және мемлекеттік қызметтер белсенді қолданылған.

1. Мемлекеттік шешімдерді «сенсацияға» айналдыру

Жекелеген мемлекеттік шешімдер мен процестердің мазмұны өзгертіліп, қоғамға ауқымды өзгеріс ретінде ұсынылған.

Мұнай тасымалы туралы фейк. Жекелеген операциялардың уақытша тоқтатылуы мұнай тасымалының толық тоқтауы ретінде көрсетілген.

Факт: мұнай қабылдау және резервуарларды толтыру жұмыстары жалғасып жатыр. КҚК-ның мұнай қабылдау қуаты тәулігіне 100 мың тоннаға дейін жетеді.

Күштік құрылымдардағы кадрлық ауыс-түйіске мораторий туралы фейк. Ақпараттың шынайылығын көрсету үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық акт пайдаланылып, онда іс жүзінде жоқ норма көрсетілген.

Факт: ҚР 2026 жылғы 3 маусымдағы №295-VIII Заңында әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне жұмыстан босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізу туралы норма қарастырылмаған.

Негізгі тәсіл: күрделі немесе нақты шарттары бар мемлекеттік шешімдер қысқа әрі эмоциялық тұрғыдан әсерлі тұжырымға дейін жеңілдетіліп, бастапқы мағынасы өзгертіледі.

2. Мемлекеттік жүйелерге деген сенімге нұқсан келтіру

Мемлекеттік цифрлық және энергетикалық жүйелердің жұмысына қатысты ақпараттар да манипуляцияға ұшыраған.

eGov жүйелері туралы фейк. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ауқымды деректер таралып кетті деген ақпарат мемлекеттік цифрлық жүйелердің осалдығы туралы теріс пікір қалыптастыру үшін пайдаланылған.

Факт: техникалық тексеріс нәтижесінде eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталған жоқ. Даркнетте орналастырылған материалдар eGov жүйесінен жүктелмеген және мемлекеттік деректер базасының құрылымына сәйкес келмейді.

Қазақстанның энергетика жүйесіндегі апат туралы фейк. Қазақстан мен көршілес елдердің энергетикалық жүйелерінің өзара байланысы Қазақстанның тәуелділігі мен әлсіздігі ретінде бұрмаланып көрсетілген.

Факт: таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Автомектептер мен жүргізуші куәлігі туралы фейк. Автомектептерді есепке алу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау функцияларын жеке ұйымдарға беру туралы ойдан шығарылған өзгеріс қабылданған шешім ретінде ұсынылған.

Факт: жүргізуші куәлігін алу үшін емтихандар қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Автомектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу мемлекеттік функция болып қала береді.

Негізгі тәсіл: жекелеген факт, техникалық ерекшелік немесе нақты құқық қолдану тәжірибесі контекстен үзіліп алынып, мемлекеттің сенімсіздігі немесе шамадан тыс араласуы туралы кеңірек қорытынды қалыптастыру үшін пайдаланылады.

3. Сезімтал тақырыптар эмоциялық фейктерге дайын негіз болады

Денсаулық, балалар және әлеуметтік мәселелер аудиторияның эмоциясына тікелей әсер ететіндіктен, жалған ақпарат таратуда жиі пайдаланылады.

Медицина қызметкерлерін ынталандыру туралы фейк. Ойдан шығарылған дәрігерлерді ынталандыру шарасы вакцинацияға және медицина қызметкерлеріне деген сенімсіздік қалыптастыру үшін пайдаланылған.

Факт: вакцинация жүргізу медицина қызметкерлерінің тікелей лауазымдық міндеті. Олардың жалақы мөлшері екпе алған балалардың санына байланысты емес және бұл үшін бөлек төлемдер қарастырылмаған.

Психиатриялық аурухана пациенттеріне қатысты қатыгездік туралы фейк. Шамамен 18 жыл бұрын болған оқиғаға қатысты эмоциялық тұрғыдан сезімтал ақпарат ешқандай растайтын материалдарсыз дәлелденген факт ретінде таратылған.

Факт: кешенді тексеріс барысында сырқат адамдарға физикалық шектеулер қолдану, әсер ету шарасы ретінде дәрі-дәрмек беру және олардың қадір-қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттер жасалғаны туралы мәліметтер расталмады.

Негізгі тәсіл: сезімтал тақырыпқа жағдайды қабылдауды түбегейлі өзгертетін және аудиторияның эмоциялық реакциясын күшейтетін расталмаған бөлшектер қосылады.

4. Азаматтардың күнделікті мүдделерін пайдалану

Ақша, салық, әлеуметтік көмек және білім беру мәселелері жалған ақпараттың таралуына қолайлы тақырыптар ретінде көрінді.

Банк депозиттеріндегі сыйақыға 5% салық салынады деген фейк.

Факт: жеке тұлғалардың банктегі салымдары бойынша төленетін сыйақыларына жеке табыс салығы салынбайды. Үкімет мұндай салық түрін енгізуді қарастырып жатқан жоқ.

Барлық оқушыларға тегін тамақ пен мектепке дайындық төлемі беріледі деген фейк.

Факт: тегін ыстық тамақ пен мектепке дайындыққа берілетін материалдық көмек — мемлекеттік қолдаудың екі бөлек шарасы. Тегін тамақ 1–4 сынып оқушыларының барлығына және 5–11 сыныптардағы жекелеген санаттағы балаларға беріледі. Ал материалдық көмек атаулы сипатта көрсетіледі.

Бұл мысалдарда күрделі немесе атаулы мемлекеттік қолдау шаралары қысқа әрі эмоциялық тұжырымға дейін жеңілдетіліп, баршаға ортақ көмек ретінде көрсетілген.

5. Вирустық контент эмоцияға сүйенеді

Әлеуметтік желілерде тез таралатын контентте танымал брендтер мен ірі сыйлықтар туралы жалған уәделер аудиторияның назарын аудару үшін пайдаланылған.

BI Group компаниясының 1 000 пәтер ұтысы туралы фейк.

Белгілі бренд пен ірі ұтыс туралы уәде ойдан шығарылған шараға көпшіліктің назарын аудару үшін қолданылған.

Факт: компания мұндай ұтыс ойынын жариялаған да, өткізіп жатқан да жоқ. Таратылған жарияланымдардағы қатысу шарттары, өткізілу күні мен орны шындыққа сәйкес келмейді.

«Іле-Балқаш» резерватындағы жолбарыс Балқаш маңында жүр деген фейк.

Қолдан жасалған сурет шынайы оқиғаның визуалды «дәлелі» ретінде ұсынылған.

Факт: жарияланған сурет табиғатқа жіберілген жолбарысқа қатысты емес және онда ЖИ көмегімен жасалған белгілер бар. Жануардың орналасқан жері GPS/GSM-қарғыбауы арқылы үздіксіз бақыланып отырады.

Негізгі тәсіл: эмоциялық немесе визуалды элемент басты дәлелге айналып, бастапқы ақпарат пен оның түпнұсқасын тексеру қажеттілігі екінші орынға ығыстырылады.

Тамыз айының қорытындысы не көрсетті?

Тамыз айындағы кейстер жалған ақпараттың әрдайым анық ойдан шығарылған дүние еместігін көрсетті. Көбіне ол нақты фактіден басталып, оған ойдан шығарылған бөлшек қосылады, контекст өзгертіледі немесе бастапқы ақпаратта жоқ қорытынды жасалады.

Осындай мағыналық бұрмалау жалған ақпараттың шынайы көрінуіне және әлеуметтік желілерде жылдам таралуына мүмкіндік береді.

Негізгі қорытындылар:

  • Фейктер шынайы ақпаратты бұрмалауға негізделеді. Жалған хабарлама жасау үшін оқиғаны толығымен ойдан шығару міндетті емес. Нақты шешімнің ауқымын, шарттарын немесе контекстін өзгерту жеткілікті.

  • Азаматтардың күнделікті мүдделері негізгі нысана болып қала береді. Салық, табыс, әлеуметтік көмек, білім беру, денсаулық сақтау, деректер қауіпсіздігі және мемлекеттік қызметтер ақпараттық манипуляцияларға осал тақырыптар болып табылады.

  • Шынайы дереккөздердің беделі пайдаланылады. Мемлекеттік органдардың атаулары, нормативтік-құқықтық актілер және танымал компаниялар ойдан шығарылған мазмұнды шынайы етіп көрсету үшін қолданылуы мүмкін.

  • Эмоция фактіден жылдам әсер етеді. Балалар, денсаулық, ақша, қауіпсіздік және болжамды әділетсіздік туралы ақпараттар аудиторияның эмоциялық реакциясы арқылы қосымша таралады.

  • Жасанды интеллект визуалды жалған дәлел жасау құралына айналуда. Қолдан жасалған сурет жай иллюстрация ретінде емес, жалған хабарламаны растайтын дербес дәлел ретінде ұсынылуы мүмкін. Сондықтан визуалды контенттің өзін ғана емес, оның түпнұсқасы мен дереккөзін де тексеру маңызды.

Ақпаратты тексерудің негізгі қағидасы

Тамыз айындағы кейстерден шығатын басты сабақ — ақпараттың эмоциялық әсеріне емес, оның дереккөзіне, бастапқы контекстіне және ресми расталуына назар аудару қажет.

Қандай да бір сенсациялық хабарламаға тап болған кезде оның:

  • нақты дереккөзге сүйенетінін;

  • ресми құжатпен немесе уәкілетті органның хабарламасымен расталғанын;

  • бастапқы контекстен үзілмегенін;

  • сурет немесе бейненің түпнұсқа екенін;

  • хабарламада нақты факт пен автордың болжамы араласып кетпегенін

тексеру маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 280 орындық екі жаңа балабақша ашылды

Бүгін 17:48

Дәуірдің дара тұлғасы

Бүгін 17:44

Абай облысында сотталған азамат некесін қиды

Бүгін 16:06

«Мектепке қауіпсіз жол республикалық отбасылық челленджі басталады

Бүгін 16:05

Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен кездесті

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);