AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған...

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Заң мен тəртіп Бүгін 12:24 53 yakiya
«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті
Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық даму орталығы Арбаттың аумағында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті студенттерінің қатысуымен «Қаладағы заң» құқықтық квест-марафонының төртінші ойынын ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және құқықтық мәдениетті дамыту. Квест барысында қатысушылар түрлі құқықтық жағдаяттарды шешіп, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты тапсырмаларды орындап, командалық жұмыс дағдыларын шыңдады.

Ойынға қатысқан «Agro Force» командасы құқықтық кейстерді талдау, қоғамдық тәртіпті сақтау, сыни ойлау және жедел шешім қабылдау қабілеттерін талап ететін бірқатар практикалық сынақтардан өтті. Қатысушылар өздерінің теориялық білімдерін нақты өмірлік жағдайларда қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай интерактивті формат жастардың құқықтық білімін нығайтып қана қоймай, олардың заң талаптарын түсінуіне, өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек меңгеруіне ықпал етеді. Сонымен қатар, квест қатысушылардың жауапкершілік деңгейін арттырып, қоғамдық өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

«Қаладағы заң» құқықтық квест-марафоны – жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрметпен қарау қағидаттарын дәріптеуге арналған тиімді алаңдардың бірі.

Квест-марафонның келесі кезеңдері мен жобаның өзге де жаңалықтарынан хабардар болу үшін @qdo.almaty және @zan_men_tartip_almaty әлеуметтік желідегі ресми парақшаларын қадағалауға шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Бүгін 12:19

Алматыда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды

Бүгін 11:32

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж. ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Бүгін 11:29

Алматыдағы Айнамалы көшесінде инженерлік желілер құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 11:16

Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);