AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және...

«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды

Заң мен тəртіп 09.09.2026, 20:02 409
«Заң мен Тәртіп»: студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттырды
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Іс-шараға 200-ден астам студент қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Заң мен Тәртіп» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға 200-ден астам студент қатысып, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпарат алды.

Кездесуде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң ғылымдарының профессоры Кегембаева Жанар Аманжанқызы және Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Көбеев Дәурен Асқарұлы баяндама жасады.

Спикерлер құқықтық нормаларды сақтау, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жастардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар студенттердің құқықтық сипаттағы өзекті сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсіндірмелер ұсынды.

Кездесу жастардың құқықтық санасын арттыруға, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 18:10

Ойын мекемелерінің жұмыс істеу қағидалары нақтыланды

Бүгін 14:15

Келесі жылдан бастап жұмысқа ерте шыққан аналар бала күтімі төлемін ала береді

Бүгін 14:10

Алматы ОҚКА дәрігерлері ампутация қаупі төнген науқастың аяғындағы қан айналымын қалпына келтірді

Бүгін 12:40

Қазақстандықтар Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қандай тауарларды сатып алуда?

Бүгін 12:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);