AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ыстанбұлда түркі мемлекеттерінің БАҚ саласындағы ы...

Ыстанбұлда түркі мемлекеттерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы талқыланады

Әлем 14.05.2022, 09:20 1,366
Ыстанбұлда түркі мемлекеттерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы талқыланады
Сурет: Britannica.com

Бүгін Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ақпарат және БАҚ-қа жауапты министрлері мен жоғары лауазымды тұлғаларының төртінші отырысы өтеді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлайды Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Шараны Түркия президенті әкімшілігінің байланыс бөлімі ұйымдастырып отыр. Мақсат – түркі мемлекеттері арасында БАҚ және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты дамыту. Күн тәртібінде аталған салалардағы бірлескен зерттеулер мен жобалар қаралмақ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жиын қатысушыларына бейнеүндеу жолдайды деп жоспарланған. Кездесуге Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Түркия президенті әкімшілігі байланыс кеңсесінің меңгерушісі Фахреттин Алтун, Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев қатысады. Сонымен қатар, отырысқа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Венгрия Сыртқы істер және сауда министрлігінің қауіпсіздік саясаты жөніндегі мемлекеттік хатшысы Петер Штарай, Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры Асаджон Ходжаев, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің директоры Салқын Сарногоева, Түрікменстанның Анкарадағы елшісі Ишанкули Аманлыев қатысады.


Іс-шараға ресми делегациялардан бөлек, түркі әлемінің БАҚ және коммуникация институттарының басшылары, сарапшылар, өнер қайраткерлері, ғалымдар мен коммуникация факультеттерінің студенттері де қатысады. Қатысушылар цифрлық технологиямен жабдықталған стендтер мен фойеде Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы және бақылаушы елдердің бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс мекемелерінің қызметі туралы ақпарат ала алады.


Еске салсақ, Орталық Азия елдерінде қазақстандық ЖОО филиалдары ашылуы мүмкін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ыстанбұл #Түркі елдері #Ынтымақтастық #БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);