конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық кө...

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Мәдениет Бүгін 12:04 27 Сұлу
Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді
Ақорданың баспасөз қызметі

Елордада филология ғылымдарының кандидаты, ақын әрі ғалым Айнұр Әбдірәсілқызының қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалың көпшілікке таныстырылған қос кітап — «Ясауи поэзиясы және түркі әдебиеті» атты монография және «Шайхым — Ахмет Ясауи…» деген тарихи-танымдық пьеса. Бұл еңбектер ағылшын, түрік, орыс тілдеріне де аударылып, басылып шықты.

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Фото: Алпамыс Файзолла\Kazinform

— «Ясауи поэзиясы және түркі әдебиеті» атты монография — 25 жылдық еңбегіміздің жемісі. Онда Ясауи және оның мұрасына арналған дүние жүзіндегі сүбелі еңбектердің барлығы қарастырылып, талданды. Сонымен қатар, Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының қазақ тіліне аударылған 17 нұсқасы түгелдей зерттеліп, сараланды. Одан бөлек, текстологиялық зерттеулер жүргізілді. «Диуани хикметтің» осыған дейін жинақтық, ғылыми-сыни мәтіні жасалмағаны, сөздіктер дайындалмағаны, сол себепті қазіргі зерттеулер мен аудармаларда қателіктер бар екені атап көрсетілді. Сол жұмыстардың қалай атқарылуы керек екені жөнінде нақты бағыттар белгіленді. Жалпы, бұл — өте өзекті бірнеше тақырыпты қамтитын еңбек, — деді автор Айнұр Әбдірәсілқызы.

Ал «Шайхым — Ахмет Ясауи…» пьесасында аталған тұлғаның және жалпы рухани кемелдікке ұмтылған жандардың ішкі дүиесі, жан сарайы көрініс тапқан.

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Фото: Алпамыс Файзолла\Kazinform

— Пьесада Қожа Ахмет Ясауидің өз дәуірінде ұстаздарымен, шәкірттерімен, халықпен қарым-қатынасы жөнінде көптеген сахна, сондай-ақ, тарихи және аңыздық көптеген қызықты мәлімет бар. Соның бәрі астасып, Ясауидің және оның шәкірттерінің көркем образы сомдалды, — деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Іс-шараға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және қалың оқырман қауым келді. Сонымен қатар, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан тәрізді шетелдердің ғалымдары және Түркі әлеміне қатысты халықаралық ұйымдар мен мекемелер өкілдері қатысты.

Айнұр Әбдірәсілқызының ғылыми жетекшісі, ф.ғ.д. Темірғали Есембеков тұсаукесер рәсімінде сөз алды. Ол «Ясауи поэзиясы және түркі әдебиеті» монографиясына айрықша тоқталып, ғылыми тұрғыда баға берді.

Ясауи мұрасына арналған қос кітап 4 тілде жарық көрді

Фото: Алпамыс Файзолла\Kazinform

— Бұл кітапта Ахмет Ясауидің ақын екені дәлелденген. Оның мәтінін көптеген түркі халқы әдебиетіне кірістірген. Бірақ бұған дейін Ясауидің поэтикасын ешкім зерттемеген еді. Ал Айнұр Ясауидің поэтикасын, көркемдік құралдарын талдады және «Диуани хикметтің» көркем жанр екенін дәлелдеді, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін «Ясауи хикметтері — Ұлы даланың мәдени коды» деген Президент мәлімдемесін жариялағанбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#яссауи #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Бүгін 10:35

Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Бүгін 09:05

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);