ffin.kz

Вакцинаны толығымен алып, реанимацияға түскен бірде-бір науқас болған жоқ

Вакцинаны толығымен алып, реанимацияға түскен бірде-бір науқас болған жоқ Сурет: Lenta.ru

Реанимацияға түсіп, қайтыс болған пациенттердің басым бөлігі дер кезінде дәрігерге хабар бермей, өзін-өзі емдеумен айналысқан. 



30 жылдық тәжірибесі бар инфекционист дәрігер, Нұр-Сұлтан қаласының көпсалалы медициналық орталығы директорының орынбасары Сәуле Атығаева осылай дейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.



Дәрігер өзін-өзі емдеудің қандай жағдайға жеткізетінін, реанимацияға қандай науқас түсетінін, КВИ-мен ауырғанда алдымен не істеу керектігін және вакцинаның маңызын тілге тиек етті . Оның айтуынша, өзін-өзі емдеумен бірнеше күн айналысқан ауыр науқастар инфекциялық стационарларға жатқызылады. 




«Интернеттегі ақпараттар негізінде биологиялық қоспаларды, шөптерді, иммуностимуляторларды пайдаланып емделетіндер бар. Олар антикоагулянттарды бірден қабылдап жатады. Оны пайдалы және иммундық жүйені нығайтады деп санайды. Дегенмен бұл үйде емделудің ең тиімсіз және ең сауатсыз тәсілі. Мамандандырылған медициналық көмекке жүгінбеуі арқылы өз денсаулығына зиян келтіреді. Коронавирустың өте қауіпті екенін түсінуіміз керек. Ал мутацияланған «дельта» штамы тіптен жұқпалы. Яғни, өзің ғана емес, жақындарыңның да реанимацияға түсуіне себеп болуың мүмкін», - дейді Сәуле Атығаева. 




Дәрігер науқастар әбден ауру дендеп кеткен кезде ғана медициналық көмекке жүгінетінін атап өтті. 




«Жоғары температура, ентігу, дем ала алмау секілді белгілері шыққанда ғана дәрігерлерге хабар береді. Өкініштісі, алтын уақытын өзін-өзі емдеймін деп жоғалтады. Қанша дегенмен стационарлық емдеу мен реанимацияға жеткізбейтін уақыты болды емес пе?!» - дейді ол. 




Маманның айтуынша, науқастардың басым бөлігі ауыр жағдайда келіп, тыныс алу аппаратын қолданады. 




«Өкінішке қарай, өзін-өзі емдеуден кейін бәрі бірдей аман қала бермейді. Біз уақыт жоғалтамыз, салдарынан науқастарды аман алып қалу мүмкін болмай жатады. Реанимацияға түсіп, қайтыс болған пациенттердің басым бөлігі дер кезінде дәрігерге хабар бермей, өзін-өзі емдеумен айналысқан. Ал айрықша айта кетерлігі, бұл науқастар вакцина алмаған! Вакцинаны толығымен алып, реанимация төсегінде жатқан бірде-бір науқас болған жоқ. Себебі біз білетіндей, вакцинация коронавирустың ауыр түрінен қорғайды. Ал реанимацияда жатқан науқастар уақытында вакцина алмағанына өкініп жатады», - дейді Сәуле Атығаева.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02